Компания туралы/
Компания туралы
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы (РҒБО) 2004 жылғы 18 наурызда құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №721 қаулысымен Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып белгіленді.
«РҒБО» АҚ «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының (ҒА) транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді, 13-тен 130 дейінгі ш.б. геостационарлық доғада Кu-диапазонында тіркелген спутниктік байланыс арналарының мониторингін, Алматы облысының Көктерек кентінде орналасқан ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі базасында Телепорт қызметтерін көрсетеді.
«KazSat» сериялы ҒА ресурстары Қазақстан Республикасында тиімді және сенімді спутниктік байланыс арналарын іске асыруға мүмкіндік берді. «РҒБО» АҚ пайдаланатын «KazSat» сериялы ғарыш аппараттары Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV) ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы байланыс мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асырудағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Компания туралы
Жаңалықтар
2022 жылдың 10 қаңтары – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
10.01.2022

НҰР-СҰЛТАН – Еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адам қаза болуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 2022 жылдың 10 қаңтары жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүгін Қазақстандағы барлық мемлекеттік тулар төмен түсірілген.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары
27.12.2021

«РҒБО» АҚ командасы «IT-ROOM» зияткерлік ойын-сауық ойынында жеңімпаз атанды
НҰР-СҰЛТАН. ӨЗ АҚПАРАТЫ - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) бастамасымен 2021 жылғы 25 желтоқсанда Astana Hab аумағында төртінші рет «IT-ROOM» интел...