Компания туралы/
Басшылық
Мәлік Қуанышбекұлы Жүйріктаев
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы
Мәлік Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.
Алматы энергетика институтын, Радиотехника және байланыс факультетін инженер-электроншы мамандығы және Алматы мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастаған.
Қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолдан өтті. «Қазақтелеком» ҰАК, «Транстелеком» АҚ жүйесі, жеке құрылымдарда түрлі басшылық лауазымдарында қызмет еткен.
2017 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде «РҒБО» АҚ-да коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент, аппарат басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
«РҒБО» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек етті.
М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында, ол «Үздік байланысшы» құрметті атағының иегері болып табылады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасының бұйрығымен Мәлік Қуанышбекұлы Жүйріктаев 2020 жылғы 1 қазаннан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Шоқан Ғалиханұлы Свогузов
«РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
1978 жылы туылған.
1995 жылдан бастап 2000 жылдың сәуір айына дейінгі мерзімде Санкт-Петербург қаласында А.Ф. Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыштық Қызыл ту академиясында курсант ретінде оқыды.
Ғарыш саласындағы қызметін 2000 жылдан Станция бастығы, Бөлімшенің аға инженері, 55427 әскери бөлімінің Бөлімше бастығы лауазымдарында офицер қызметін атқарған Байқоңыр ғарыш айлағынан бастаған. 2006 жылдың сәуіріне дейін ғарыш айлағында қызмет еткен.
2006 жылғы 26 мамырдан бастап «РҒБО» АҚ Жерүсті басқару кешені Ұшуларды басқару орталығы бөлімінің 1-санаттағы инженері лауазымына қабылданып, содан соң 2007 жылғы 1 ақпаннан бастап Ақмола облысының Ақкөл қаласы Ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесінің Ұшуларды басқару орталығы Ғарыш аппаратының техникалық жай-күйін жоспарлау, талдау және бақылау бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды. 2011 жылғы 11 сәуірден бастап Ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі (бұдан әрі – «Ақкөл» ҒБО) Директорының міндетін атқарушысы лауазымына ауыстырылды.
2011-2019 жылдары «Ақкөл» ҒБО-ның директоры болып бекітілді.
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.
Әділет Дәулеткерейұлы Догамбеков
«РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
1984 жылы туылған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құқықтану бакалаврын бітірген.
2006-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеді, «екінші класты екінші хатшы» дипломатиялық дәрежесі бар.
2012 жылдан бастап ол коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. «РҒБО» АҚ тағайындалғанға дейін ол «Солтүстік» ӘКК» АҚ инвестициялық жобалар бойынша Кеңесші болып жұмыс істеді.
Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары халықаралық ынтымақтастық, қызметтерді сату және дамыту мәселелеріне жауап береді.
ЛЕОНОВ ВАСИЛИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ
«РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
1983 жылы Алматыда дүниеге келген.
Томск мемлекеттік басқару жүйелері және радиоэлектроника университетінің «радиоэлектрондық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі. Инженер-жүйе технигі.
Еңбек жолын «РҒБО» АҚ-да бастаған. 2005 жылдың қазан айында «Ақкөл» жерүсті басқару кешенінің Ұшуларды басқару орталығының (ҰБО) жедел басқару секторының инженері лауазымына тағайындалды.
Кәсіпорында жұмыс істеген он бес жыл ішінде ол қарапайым инженерден «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) директорының орынбасары - Ұшуларды басқару орталығының (ҰБО) бастығына дейін өсті.
2021 жылғы 14 мамырда «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен В.А.Леонов «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстанда ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазғарыштың, Роскосмостың ведомстволық марапаттауларымен марапатталды.
Компания туралы
Жаңалықтар
«Ақкөл» ҒБО қызметкерлері - Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жеңімпаздары
21.09.2021

АҚКӨЛ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігінің жабылуы өтті.

Байқоңырдан «Союз-2.1б» зымыраны One Web жерсеріктерінің жаңа партиясымен ұшырылды
15.09.2021

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ– 2021 жылы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00 сағат 07 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан «Союз-2.1б» зымыран тасығышы «Фрегат» үдемелі блогымен және OneWeb компаниясының 34 аппаратымен ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз «Қазсаттың» жүрегі қалай соғатынын естиміз!» - РҒБО жас инженерлері
11.09.2021

АҚКӨЛ. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Бүгінде Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Қазақстандағы жоғары білім жүйесіне кіріктірген «ғарыш техникасы мен технологиясы» мамандығы өзекті және сұранысқа ие. Ғарыш мамандықтарының алғашқы түлектері Қазғарыш кәсіпорындарына жұмысқа келеді.

«РҒБО» АҚ қызметкерлері ҚР Конституциясы күніне орай марапатталды.
30.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындалған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылығы, шығармашылық белсенділігі, кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «РҒБО» АҚ мамандар тобы «Қазақстанның ғарыштық байл...

Ұлттық ғарыш орталығында One Web жабдығын орнату аяқталуға жақын.
19.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ПРЕСС-РЕЛИЗ. ҚАЗҒАРЫШ - Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР Ұлттық ғарыш орталығы алаңында, өткізу қабілеттілігі жоғары және сигналдың кідірісі төмен кең жолақты қатынаудың геостационарлық емес жерсеріктік байланыс жүйесін қолдану бойынша OneWeb Demo демонстрациялық сынақтарына дайындалу үшін OneWeb жабдығын...