Компанияның жобалары/
«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы

ҒБО «Көктерек»

2013 жылы 28 маусымда «Алматы» ҒБО құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.
«Көктерек» ҒБО – бұл жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» ҒБО аналогы ретінде құрылған қазіргі заманғы технологиялық орталық.
«KazSat-3» жобасы бойынша орталықты жаңғырту және қайта құру 2013 жылғы қазанда жүргізілді.
«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы:
  • «KazSat» сериялы ҒА резервтік басқару, бақылау, берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларды ұстап тұру
  • «KazSat» сериялы ҒА пайдалы жүктемесінің мониторингі
  • телепорт –Pre-hubbing, Colocation, Last-mile қызметтерін көрсетуге тағайындалған.
«РҒБО» АҚ ұсынылатын телекоммуникациялық қызметтер түрлерінің спектрін үнемі дамыта және кеңейте отырып, «Көктерек» ҒБО базасында спутниктік және жерүсті байланыс желілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін алғашқы қазақстандық Телепорт құрды.
«Көктерек» ҒБО-ның іске асырылған әлеуеті оны нысаналы мақсаты бойынша ғана емес, сонымен қатар оның инфрақұрылымын өздерінің спутниктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмысына, сондай-ақ перспективалық жобаларды дамытуға мүдделі спутниктік байланыс компанияларына ұсынуға мүмкіндік береді.
«Көктерек» ҒБО-ның технологиялық қазіргі заманғы алаңын көп мақсатты пайдалану Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық саласын табысты дамытудың тағы бір кезеңі болып табылады.
Компанияның жобалары
Жаңалықтар
«Қазақстандағы ғарыш күндері -2024» халықаралық форумына қатысуға шақырамыз
26.03.2024

АСТАНА. 2024 жылғы 19-20 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Астанада «Қазақстанның ғарыш күндері 2024» (Space Days Казахстан 2024) халықаралық форумын өткізеді. Оған 50-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардан 400-ден астам өкіл келеді деп күтілуде...

Қазақстанның ғарыштық байланысына 20 жыл
18.03.2024

АСТАНА. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі - Бүгін Қазақстанның Ұлттық байланыс және хабар тарату операторы – Республикалық ғарыштық байланыс орталығы 20 жылдық мерей-тойын атап өтуде. Салтанатты шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, «РҒБО» АҚ басшылары мен ...

«РҒБО 20 жыл» айдары
14.03.2024

«Көктерек» резервтік ғарыштық байланыс орталығы «Көктерек» резервтік ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің құрамдас және маңызды бөлігі болып табылады. Бұл бірегей нысан негізгі, жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының аналогы ретінде 2013 жылғы ...