Пресс-центр/
Жаңалық

РҒБО қызметкерлерінің 80%-ы COVID-19 вирусына қарсы вакцина алды.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Аманбекова Алия
Күн: 17.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) ұжымында COVID-19 таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануда, - деп хабарлайды «Қазақпарат» тілшісі.

Бүгінгі күні барлық қызметкерлердің 80 пайызынан астамы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі объектілері – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында (ҒБО) және «Көктерек» ҒБО-да мамандардың 90%-дан астамы егілді.

«РҒБО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Замира Баймағамбетова COVID-19-дан ұжымдық иммунитеттің пайда болуын ынталандыру мақсатында, ұжымдық шартқа қосымша келісімде егілген жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерінің сақталуымен демалыс күндері қарастырылғанын айтты. «Бұл шешім ҚР еңбек заңнамасына сәйкес, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қазақстан халқы арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейту жөніндегі қаулыларын орындау үшін қабылданды», - деді ол.

«РҒБО» АҚ штаттық режимде жұмыс жасайды, барлық санитарлық -эпидемиологиялық шаралар сақталады, кәсіпорын объектілеріне бару үшін карантин енгізілді.

Еске салайық, «РҒБО» АҚ басқаратын қазақстандық Kazsat ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі екі құрылғыдан (Kazsat-2, Kazsat-3) және «Ақкөл» (Ақмола облысы) және «Көктерек» (Алматы облысы) екі басқару кешендерінен тұрады. KazSat байланыс жерсеріктерінің қызметтерін елімізде 13 мыңнан астам жер станциялары бар 15 негізгі қазақстандық байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады.