Пресс-центр/
Жаңалық

Ақкөлдегі Отан қорғаушылар күні

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 07.05.2022

Отан қорғаушылар күні Ақкөлде генерал Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды

АҚКӨЛ. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ - жыл сайын Отан қорғаушылар күні Республикалық ғарыштық байланыс орталығының (РҒБО) ұжымы Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу акциясын өткізеді.

Генералға естелік бюсті 2016 жылы туған Ақкөл ауылында орнатылды. Сол уақыттан бері «Kazsat» ғарыш аппараттарын негізгі жерүсті басқару кешені Ақкөлде орналасқан РҒБО үшін бұл күн еске алу және соғыс ардагеріне алғыс айту күні ретінде дәстүрге айналды.

Биыл Ақкөл қаласына Қазғарыштың тағы екі кәсіпорнының – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және «Ғалам» БК» ЖШС өкілдері келіп, естелік акцияға, сондай-ақ РҒБО ұжымы ұйымдастырған спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысты.

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов, «РҒБО» АҚ төрағасы Мәлік Жүйріктаев, запастағы офицерлер, «Ақкөл» ҒБО инженерлері генерал Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Футбол бойынша спорттық жарыстар «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы тұрғын үйінің жанындағы ашық алаңда өтті, ал үстел теннисінен турнир Ақкөл қаласының №1 мектебінің спортзалында өтті.

Жарысқа 60-тан астам адам қатысты, сондай-ақ Ақкөл ауданының әкімі Анатолий Кривицкий және ауданның бұрынғы әкімі, қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаев Қазғарыш ардагерлерінің командасымен теннистен жолдастық кездесулер өткізді.

«Жеңіс әрқашан қажет және достық жеңіске жеткен кезде одан да құнды», - деп «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Еркін Шаймағамбетов спорттық іс-шараларды қорытындылады.