Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 27.12.2021

«БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары «РҒБО» АҚ командасы «IT-ROOM» зияткерлік ойын-сауық ойынында жеңімпаз атанды
НҰР-СҰЛТАН. ӨЗ АҚПАРАТЫ - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) бастамасымен 2021 жылғы 25 желтоқсанда Astana Hab аумағында төртінші рет «IT-ROOM» интеллектуалды ойын-сауық ойыны өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, «IT-ROOM» мақсаты – ұжымды біріктіру, жаңа байланыстар орнату, ойынның тақырыбы министрліктің қызмет салаларын, атап айтқанда, технология, инновация және ғарышты қамтиды.

Бірінші ойынға ЦДИАӨМ, құрылымдық бөлімшелердің мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты. Екінші ойынға ҚР ЦДИАӨМ түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Үшінші ойынға ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінен құралған командалар шақырылды. Төртінші ойынға IT компаниялар қатысты.

Зияткерлік ойынға ҚР ЦДИАӨМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдерінен барлығы 8 команда қатысты. Әр командада 10 адам болды, ойын 7 раундтан және 50 сұрақтан тұрды, олардың әрқайсысына жауап беруге 30 секундтан берілді.

Үшінші және төртінші ойындарға қатысқан «РҒБО» АҚ командасы «IT-ROOM» көшбасшысы атанды. 2021 жылдың 4 желтоқсанында өткен кездесуде РҒБО өкілдері жеңімпаз – «ҰАТ» АҚ командасына екі ұпай ғана ұтылып, екінші орынға ие болды. Бірақ 25 желтоқсанда өткен екінші ойында Стратегиялық жобалар департаментінің директоры, капитан Әділқайыр Қадыр бастаған «РҒБО» АҚ командасына тең келер ешкім болмады. «Kazsat» командасы 5,5 ұпай аралығында ірі есеппен жеңіске жетті. Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтап, олардың есімдерін атауға қуаныштымыз: Дидар Заркумов, Әсет Ахметжанов, Алексей Халимов, Ұлыхан Раисханов, Ерлан Досымбаев, Индира Шахан, Әділ Түйгімбек, Айдар Қайырбаев, Әділқайыр Қадыр.

Ойынға қатысушылар айтып өткендей, олар көптеген қажетті ақпарат алды, ЦДИАӨМ әріптестері арасында жаңа достар, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы зиялы қауымның лайықты мәртебесіне ие болды.