Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Орталық Азия елдерінің көрмесіне қатысуы.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 07.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - 2021 жылы 6 тамызда Түркіменстан астанасы - Түркіменбашы қаласында Орталық Азия мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуі өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері осы кездесу аясында ұлттық тауарлар көрмесін тамашалады.


Экспозицияда экономиканың әр түрлі салаларындағы идеялар, технологиялар, инновациялар, өнеркәсіптік және өндірістік жабдықтар, әр түрлі өнеркәсіп салаларының өнімдері ұсынылды. Көрменің негізгі мақсаты - инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктерді көрсету үшін жағдай жасау, тәжірибе алмасу, Орталық Азия елдерінің әлеуетті серіктестері арасында тиімді.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш технологиясы өнімдерін ұсынды. Үш кәсіпорын - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ғалам» ЖШС жерсеріктік байланыс жүйелері, Жерді қашықтықтан зондтау және ғарыштық техникалар бойынша өз стендтері мен материалдарын көрсетті.

Консультативтік кездесудегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары аймақта қауіпсіз, тұрақты, кең және ашық серіктестік үшін кеңістік құру мүддесінде өз елдерінің әлеуетін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.



Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сауда, экономика және инвестиция, көлік және транзит, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында өндірістік кооперация, су-энергетикалық ресурстар, қоршаған ортаны қорғау, туризм, ғылым, білім, мәдениет және гендерлік теңдік мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.