Пресс-центр/
Жаңалық

2022 жылдың 10 қаңтары – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 10.01.2022

НҰР-СҰЛТАН – Еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адам қаза болуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 2022 жылдың 10 қаңтары жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бүгін Қазақстандағы барлық мемлекеттік тулар төмен түсірілген.

«РҒБО» АҚ ұжымы барша қазақстандықтармен бірге елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді еске алып, құрмет көрсетеді. Қайтыс болған жерлестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Бүкіл ел үшін осы қиын-қыстау күндерде барлығын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Біздің күшіміз бірлікте!