Пресс-центр/
Жаңалық

Қазақстан Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Сауле К. Сулейменова
Күн: 28.01.2021

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - 2021 жылғы 27 қаңтарда Ғарыш жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

ТМД - ға қатысушы мемлекеттердің Ғарыш жөніндегі мемлекетаралық кеңесін құру туралы шешім 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан астанасында Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы достастық елдерінің бірлескен қызметі туралы келісімді барынша табысты іске асыру үшін қабылданды.

Алғашқы отырысы Белорусь астанасы Минск қаласында өтті, ал екіншісі Қазақстанда жоспарланған болатын.

ТМД Атқарушы комитетінің ұсынысы бойынша 2021 жылға Қазақстан Республикасының атынан Кеңес мүшесі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Кеңес төрағасы болып сайланды.

Отырысқа Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстан Республикасынан және Тәжікстан Республикасынан келген Кеңес мүшелері қатысты, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері, Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасының өкілдері отырысқа бақылаушы ретінде қатысты.

Сондай-ақ Кеңестің онлайн отырысына Қазақстанның ғарыш саласы кәсіпорындарының басшылары да қатысты. Күн тәртібінде ғарышты игеру және дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті 18 мәселе болды.

Қазақстан Республикасы отырыстың қатысушыларына Қазақстан Республикасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, геоақпараттық технологиялар мен спутниктік навигация деректерін қолдану негізінде экономика салаларын цифрландыру мәселелеріндегі өз тәжірибесін ұсынды.

Сондай-ақ, Қазақстанда құрастыру-сынау кешені базасында оптикалық және телекоммуникациялық спутниктерді құру, 3 ғарыш аппаратынан тұратын айыру қабілеті орта ЖҚЗ қазақстандық спутниктік топтамасын құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мәселесі талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

ТМД-ға қатысушы – мемлекеттер өкілдерінің ғарыш қызметі саласындағы келесі кездесуі Ресей Федерациясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланды.