Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «БІЗДІҢ АДАМДАР» айдары

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 04.10.2021

Виктор Дмитриевич Лифтерді Қазақстандағы ғарыштық байланыстың негізін қалаушы деп атауға болады. 2004 жылы нақты оған ҚР Үкіметі құрған Республикалық ғарыштық байланыс орталығының жұмысын басқару ұсынылды, ол ел тарихындағы жерсеріктік байланыстың жерүсті ғарыштық инфрақұрылымы бар бірінші кәсіпорын болды.

14 жылдан астам уақыт бойы В.Д. Лефтер кәсіпорынның тұрақты көшбасшысы болды, және РҒБО жетістігі - кәсіби және күшті басшы ретінде оның қызметі, Қазақстандағы ғарыштық байланыс саласындағы алғашқы мамандар тобының сіңірген еңбегі екені сөзсіз. Бүгінде РҒБО жерсеріктік байланыс жүйесіндегі ҚР жетекші кәсіпорны болып табылады, ол еліміздің барлық тұтынушыларын ғарыштық байланыс қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырманы абыроймен орындайды, табысты жұмыс істейді, кәсіби кадрларды бағалайды, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді. «РҒБО» АҚ ұжымы KazSat-2 және KazSat-3 байланыс және хабар тарату жерсеріктерінің табысты жұмысын қамтамасыз етеді, ғарыштық аппараттарды тәулік бойы басқару Ақмола мен Алматы облыстарындағы жерүсті кешендерден жүзеге асырылады.

Ал басты құндылық, әрине, адамдар - кәсіпорында өскен мамандар, кәсіпқойлар. 17 жыл бұрын құрылған тірек әлі де жұмыс істейді және іске деген көзқарастың үлгісі болып табылады», - дейді Виктор Дмитриевич.

Оның кредосы туралы сұрағанда, ол: «Отанға деген адалдық. Еліміздің жүрегі, тәуелсіз Қазақстанның астанасы бүгінде жаңадан келген мыңдаған адамдар үшін жақын және қымбат болды. Мен үшін және Ақмолада туылған, тағдырдың еркімен елорда тұрғындары болған көптеген адамдар үшін бұл қала - нағыз Отан, шексіз желдің, қатал қыстың және қысқа жаздың сүйікті жері. Және туған жерден де артық. Нұр-Сұлтан - менің тағдырым, ғарышым, махаббатым. Ия, мүмкін мен сезімге сентиментальды шығармын, бірақ іс жүзінде атышулы сөйлеуді, мақтануды, уәделерді ұнатпаймын. Мен ақылға салынған сөзді, адал еңбекті, жақсы нәтижені өзімнің кредом деп санаймын. Жасаңыз, көрсетіңіз, содан кейін мақтаныңыз! Кейін ұялмайтындай, ал сіз шынымен мақтана алатындай етіп жасаңыз. Қазақстанның құрметті байланысшысы, «Құрмет» орденінің кавалері Виктор Лифтердің мақтануға тұрарлық нәрсесі бар екенін мойындау керек. «Kazsat» бірінші ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесін құру мен табысты басқарудың тарихи миссиясын орындауға ерекше жауапкершілікпен қарайтын «РҒБО» АҚ кәсіби мамандар тобы. Кәсіби, серіктестік, достық пен сабақтастықтың жоғары дәстүрлерін сақтайтын РҒБО-да өскен ғарыштық байланыс мамандарының ұрпақтары.