Пресс-центр/
Жаңалық

«Kazsat-2» жерсерігі 10 жыл орбитада.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 16.07.2021

НҰР-СҰЛТАН. БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ. 10 жыл бұрын, 2011 жылдың 16 шілдесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық «Kazsat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігі ұшырылды. Екінші ұлттық байланыс жерсерігін сәтті ұшыру және іске қосу Қазақстан Республикасының өзіндік жерсеріктік шоқжұлдызын құрудың маңызды кезеңі болды.

«Kazsat-2» ғарыш аппаратының қызмет ету аймағы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын және Орталық Азия елдерін қамтиды. Орбитада 86,5° шығыс бойлықта орналасқан ғарыш аппараттарының белсенді өмір сүруі 12,5 жылға есептелген. Техникалық ресурс 14,5 жылды құрайды.

«Kazsat-2» іске қосылғаннан кейін байланыс операторларына байланыс қызметтерін ұсыну, ақпараттық қызмет аясын кеңейту, электронды үкімет, интернет және ұялы байланыс жұмысын жақсарту мүмкіндігі айтарлықтай өсті.

«KazSat-2» жерсерігі пайдалануды бастағаннан кейін 10 жыл өткен соң да штаттық режимде жұмыс істейді. 16.07.2021ж. жағдайына ғарыш кемесінің жүктемесі 70% құрайды. «KazSat-2» қызметтерін 11 ірі жерсеріктік операторлар пайдаланады, KazSat-2 ғарыш аппараты арқылы жұмыс істеуге рұқсат етілген жерсеріктік жер станцияларының саны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5 119 бірлікті құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың 16 шілдесінде - бұл «Kazsat-2» ұшуының 3654 тәулігі болады, осы уақыт аралығында 13 мың жерсеріктік басқару сеанстары өткізілді, байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз етуге кем дегенде 40 инженер қатысты.

Бүгінде екі аппараттан («Kazsat-2», «Kazsat-3») және «Ақкөл» (Ақмола облысы) және «Көктерек» (Алматы облысы) екі басқару кешенінен тұратын «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі стратегиялық және ақпараттық қауіпсіздікке кепілдік бере отырып, Қазақстан Республикасын байланыс және хабар тарату қызметтерінде толығымен қамтамасыз етеді.

KazSat байланыс жерсеріктерінің қызметтерін ел аумағында 13 мыңнан астам жер станциялары бар қазақстандық 15 негізгі байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады. «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің жалпы жүктемесі қазіргі уақытта шамамен 73% құрайды. «Кazsat-2» жерсерігінің ұшырылғанына 10 жыл толатын айтулы күні «РҒБО» АҚ ұжымында Қазғарыш басшылығы мен серіктестерінің қатысуымен онлайн режимде салтанатты іс-шара өткізіледі.