Пресс-центр/
Жаңалық

Балаларды қорғау күні «РҒБО» АҚ мерекелік және қайырымдылық іс-шаралар өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 01.06.2022

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – 1 маусым, Балаларды қорғау күні Жангелдин көшесіндегі «РҒБО» АҚ кеңсесінің аумағында балалар мерекесі өтті. РҒБО қызметкерлерінің балаларын «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев пен оның орынбасары Василий Леонов қарсы алды. Кәсіпорын басшылары кішкентай және жас қонақтарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оларға жақсы жазғы демалыс тіледі.

Ойындар, викториналар, спорт жарыстары – балалардың бір де бірі сыйлықсыз және тәттісіз қалмады. Барлық дерлік балалар, тіпті ең кішкентайларына дейін ата-аналарының ғарыш саласында жұмыс істейтінін біледі, сондықтан асфальтқа салынған суреттер осы тақырыпта болды және «өскенде кім боласың?» деген сұраққа оларда «ғарышкер» боламын деген бір нақты жауап болды.

Сондай-ақ балалар мерекесі қарсаңында «РҒБО» АҚ «Астана қаласындағы Қазақстан Балалар қоры» қоғамдық қорына демеушілік қайырымдылық көмек көрсетті.

Басқарма Төрағасының кеңесшісі Еркін Шаймағамбетов «Жас ғарышкер» салтанатты іс-шарасына қатысып, ҚР БҒМ ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы робототехника және бағдарламалау бойынша чемпионаттың жеңімпаздарын құттықтады, ал демеушілердің бірі «РҒБО»АҚ болды.