Пресс-центр/
Жаңалық

«Kazsat» ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесі қалай жұмыс істейді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 12.10.2021

АҚКӨЛ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - 2021 жылғы 4 қазанда адамзаттың ғарыштық дәуірінің басталғанын хабарлаған алғашқы Жердің жасанды серігінің (ЖЖС) ұшырылғанына 64 жыл толды. Дәл осы ЖЖС әлемдегі ғарыштық жерсеріктік жүйелердің, соның ішінде «Қазсат» бірінші ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің (ҒБЖ) негізін қалады.

Қазақстан Республикасының ұлттық ҒБЖ қалай жұмыс істейтінін білу үшін «Таңшолпан» бағдарламасының түсіру тобы Дүниежүзілік ғарыш апталығы кезінде «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында (ҒБО) болды. Орталық мамандары жерсеріктерді қалай басқаратыны және олардың елге қандай пайдасы бар екендігі туралы айтты.

«Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы – 2005 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған жерүсті ғарыш инфрақұрылымының бірінші қазақстандық объектісі. «Қазсат» ғарыштық жерсеріктік жүйесін құру мен пайдалану 2004 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылған Республикалық ғарыштық байланыс орталығына (РҒБО) жүктелді.

Геостационарлық орбитада «Казсат» сериялы екі ғарыш аппараты жұмыс істейді. «РҒБО» АҚ телекоммуникация және ақпараттық технологиялар қызметтері бойынша ҚР нарығын 100% қамтамасыз етеді. 2017 жылы отандық телевидение қазақстандық байланыс және хабар тарату жерсеріктеріне толығымен көшті. 2018 жылдан бастап РҒБО ұжымы шығындарды толығымен өтеп, пайда кірісімен жұмыс жасайды, 2019 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша РҒБО республикалық бюджетке шамамен миллиард теңге көлемінде таза пайда аударды.

Толығырақ «Қазақстан» ТК сюжетінде https://youtu.be/TCOKuifvDTU