Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Сауле К. Сулейменова
Күн: 22.12.2020

НҰР-СҰЛТАН. БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ - Директорлар кеңесінің шешімі негізінде «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының бұйрығымен Догамбеков Әділет Дәулеткерейұлы 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Әділет Догамбеков 1984 жылы туылған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құқықтану бакалаврын бітірген.

2006-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеді, «екінші класты екінші хатшы» дипломатиялық дәрежесі бар.

2012 жылдан бастап ол коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. «РҒБО» АҚ тағайындалғанға дейін ол «Солтүстік» ӘКК» АҚ инвестициялық жобалар бойынша кеңесші болып жұмыс істеді.

Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары халықаралық ынтымақтастық, қызметтерді сату және дамыту мәселелеріне жауап береді.