Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «РҒБО» АҚ қызметкерлері марапатталды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 16.12.2021

НҰР-СҰЛТАН. ӨЗ АҚПАРАТЫ – Еліміздің басты мемлекеттік мерекесі – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасы М.Қ.Жүйріктаев кәсіпорын қызметкерлерін марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды.

80-нен астам адам жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі, Қазақстан Республикасында ғарыш байланысының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай марапаттарға ие болды.

Кәсіпорында 10 және одан да көп жыл еңбек сіңіргені үшін берілетін «Қазақстанның ғарыштық байланыс ардагері» медальдарымен 21 қызметкер, сондай-ақ лайықты демалыста жүрген 17 зейнеткер марапатталды.

Ұжымның 39 маманына «РҒБО» АҚ-ның Құрмет грамоталары мен Басқарма Төрағасының Алғыс хаттары табыс етілді.

14 адам Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Байланыс қызметкерлеріне арналған «Үздік Байланысшы» құрметті төсбелгісі кәсіпорын ардагерлері – Экономика және қаржы департаментінің Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олеся Мелентьеваға және «Ақкөл» ҒБО Мониторингті басқару орталығының Жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы Эльвира Байгалтиноваға табысталды.

«Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалін «Ақкөл» ҒБО Ұшуларды басқару орталығы басшысының орынбасары Аршидин Исламов пен «Ақкөл» ҒБО Аппараттық-бағдарламалық және метрологиялық қамтамасыз ету орталығы басшысының орынбасары Асхат Сарбасов алды.

Ал ең маңызды марапаттаулар – ҚР Президентінің атынан «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдары «Көктерек» ҒБО Энергетикалық қамтамасыз ету және инфрақұрылым қызметінің басшысы Денис Золотаревқа, Экономика және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп басқармасының жетекші бухгалтері Күмісай Садубаеваға, сондай-ақ «Ақкөл» ҒБО Ұшуларды басқару орталығының Баллистикалық және навигациялық қамтамасыз ету секторының жетекші инженері Айбек Тілеулиевке ұсынылды.