Пресс-центр/
Жаңалық

Ұлттық ғарыш орталығында One Web жабдығын орнату аяқталуға жақын.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 19.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ПРЕСС-РЕЛИЗ. ҚАЗҒАРЫШ - Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР Ұлттық ғарыш орталығы алаңында, өткізу қабілеттілігі жоғары және сигналдың кідірісі төмен кең жолақты қатынаудың геостационарлық емес жерсеріктік байланыс жүйесін қолдану бойынша OneWeb Demo демонстрациялық сынақтарына дайындалу үшін OneWeb жабдығын орнату және күйге келтіру бойынша жұмыстар аяқталуда.

OneWeb Demo жобасын а.ж. 9 сәуірде Байқоңыр қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «РҒБО» АҚ және «ҚҒС» ҰК» АҚ көмегімен OneWeb Kazakhstan Ltd жүзеге асырады. Аталған жобаны іске асыруда ұйымдық қолдауды «Транстелеком» АҚ және ҚР ЦДИАӨМ көрсетеді. OneWeb Demo демо-науқанының басталуы 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланған және ҚР мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының, телекоммуникациялық компаниялардың, Қазақстанның цифрлық қауымдастығының және Еуразия өңірі елдерінің мүддесін білдіреді.