Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «РҒБО» АҚ ұжымымен кездесті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 02.06.2022

ҚР Парламенті Мәжілісінің және «АМАНАТ» партиясының депутаттары «РҒБО» АҚ ұжымымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ӨЗДІК АҚПАРАТ - Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында «РҒБО» АҚ ұжымына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Сартбаев, Нұр-Сұлтан қаласы «АМАНАТ» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалының орындаушы хатшысы Д.Ұлықпан және үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері Ж. Әжібаева, А.Рахымжанова, Т. Дюсеков және Ж. Қиялов келді.

«РҒБО» АҚ қызметкерлерімен кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, Мәжіліс депутаты мен партия өкілі еліміздің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты өз түсініктемелерін берді. Қонақтар РҒБО-ның барлық қызметкерлерін 2022 жылғы 5 маусымда өтетін референдумға белсенді түрде қатысып, «Жаңа Қазақстанның» құрылысына өз дауыстарын беруге шақырды.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы М.Жүріктаев кәсіпорын қызметі туралы ақпаратпен таныстырып, ғарыш саласын дамытудың өзекті мәселелеріне, «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің жұмысына тоқталды. Қазақстан Республикасының тұрғындарының саны 250 адамнан аз 617 ауылдық елді мекенде Интернетке кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсету жоспарлары туралы айта отырып, ол жерсеріктік технологияларды пайдалануда мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесу қажеттігін атап өтті.