Пресс-центр/
Жаңалық

«Ақкөл» ҒБО қызметкерлері - Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жеңімпаздары

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 21.09.2021

АҚКӨЛ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ.

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігінің жабылуы өтті.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі тұрғындарға тілдерді дамыту мен оқудағы белсенді қызметі үшін алғыс хаттар табыстады. Олардың арасында «Ақкөл» ҒБО директоры Қ.Телгарин бастаған орталықтың мамандар тобы қатысты. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында қазақ және ағылшын тілдері курстарын аяқтау бойынша сертификаттар табысталды, аудандық және облыстық тілдер байқауына қатысқан жеңімпаз отбасылар марапаттады.

Бағдарлама соңында мерекелік концерт өтті. «Ақкөл» ҒБО қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!