Пресс-центр/
Жаңалық

Сенатор Т. Мұсабаев «РҒБО» АҚ ұжымымен кездесті

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 23.05.2022

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) орталық кеңсесінде болды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовтың қатысуымен өткен ғарыштық байланыс мамандарымен кездесу барысында алдағы республикалық референдум оған арналатын конституциялық реформа туралы пікір алмасу өтті.

Талғат Амангелдіұлы еліміздің Негізгі заңына енгізілген жаңа өзгерістер туралы, отырысқа қатысушылармен диалог түрінде суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу және бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлу ерекшеліктерін түсіндірді, реформадан кейінгі ел Парламентінің рөлі мен мәртебесіне толығырақ тоқталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық тұрғыдан жаңа саяси шешімдер қабылданғанын және бұл өзгерістердің барлығының мәні тек экономикалық және мәдени саладағы реформалар ғана емес, ол адамның, Қазақстан Республикасының азаматының, оның демократиялық, «еститін» мемлекеттегі болашағына деген қамқорлық екенін мәлімдеді», - деп атап өтті Т.Мұсабаев. Сенатор баршаны референдумға қатысып, «Жаңа Қазақстанға» қадам басуға шақырды.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің экс-төрағасы әріптестерімен еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және цифрландыруда маңызды рөлге ие Қазақстанның ғарыш саласын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.