Қызметтер/
Барлық қызметтер
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып табылады және келесі қызметтерді көрсетеді:
1. «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын жалға беру;
2. Спутниктік желілерді құру және олардың негізінде телекоммуникациялық қызметтерді ұйымдастыру үшін технологиялық инфрақұрылымды ұсыну;
3. 14-тен бастап 130 градусқа дейінгі шығыс бойлығындағы геостационарлық доғадағы ku-жиіліктер диапазонындағы бекітілген спутниктік байланыс арналарын мониторингтеу.
«РҒБО» АҚ Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік мекемелерге, әскери басқару органдарына және жеке ұйымдарға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV), Интернет желісіне кеңжолақты қатынау, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Card image cap
Транспондерлік сыйымдылықтарын жалға беру

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары...

Подробнее
Card image cap
Last-mile (Соңғы миля)

Клиенттің орналасқан жерінен берілген техникалық сипаттамалары бар ДӨО-ға дейінгі байланыс арнасын қамтамасыз етуге...

Подробнее
Card image cap
Pre-hubbing (Сигналды байланыс спутниктеріне көтеру-жерге түсіру)

«KazSat» сериялы ҒА бортына трафикті көтеру-жерге түсірудің техникалық мүмкіндігін ұйымдастыруға және қызметтерді Қазақстанның кез ...

Подробнее
Card image cap
Collocation (Серверлік және телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру)

ерверлік және телекоммуникациялық жабдықтарды барлық жүйелердің қауіпсіздігін, сенімділігін және үздіксіз жұмыс...

Подробнее
Қызметтер
Жаңалықтар
Бағдат Мусин Starlink ауқымын кеңейтуді талқылау үшін SpaceX компаниясымен кездесті
17.04.2024

АСТАНА – 16 сәүірде цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceХ жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директор Ребекка Хантермен кездесу өткізді.

«РҒБО» АҚ Халықаралық электр байланысы одағының семинарына қатысуда
15.04.2024

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ – «РҒБО» АҚ Жобалық кеңсесінің өкілдері ҚР ЦДИАӨМ Коммуникациялар комитеті ұйымдастырған Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік оқыту семинарына қатысуда.

Ақмола мектебіне Starlink интернет желісі өткізілді
05.04.2024

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Ақмола облысы Аршалы ауданының № 1 Бұлақсай ауылдық мектебінде Интернетке кең жолақты қол жетімділік үшін Starlink жерсеріктік технологиясы енгізілді.