Қызметтер/
Транспондерлік сыйымдылықтарын жалға беру
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығымен бекітілген.
Транспондерлерді жалға алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторына осы Қағидаларға  1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Өтінімге қоса беріледі:
  • осы Қағидаларға  2-қосымшаға  сәйкес айлар бойынша бөлінісінде транспондерлерді жүктеу кестесі;
  • осы Қағидаларға  3-қосымшаға  сәйкес спутниктік байланыстың ұйымдастырылатын арналарының параметрлері;
  • осы Қағидаларға  4-қосымшаға  сәйкес пайдалануға жоспарланған спутниктік байланыстың жер станцияларының тізбесі.
«KazSat» сериялы ҒА транспондерлерін жалға беру бойынша қызметтерге тарифтер
«РҒБО» АҚ қызметтерінің тарифтері туралы Сіз бізбен +7 (7172) 32 22 27 (ішкі 143) телефоны бойынша байланысу арқылы және / немесе Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларына  (1, 2, 3, 4) қосымшаларды  толтырып, оларды мына email-ға жібере отырып хабарласа аласыздар: sales@rcsc.kz