«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы (РҒБО) 2004 жылғы 18 наурызда құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы №721 қаулысымен Республикалық ғарыштық байланыс орталығы Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып белгіленді.

«РҒБО» АҚ «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының (ҒА) транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді, 13-тен 130 дейінгі ш.б. геостационарлық доғада Кu-диапазонында тіркелген спутниктік байланыс арналарының мониторингін, Алматы облысының Көктерек кентінде орналасқан ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі базасында Телепорт қызметтерін көрсетеді.

Телепорт қызметін пайдалану клиентке көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды іске асыру кезінде байланыстың сенімді өзіндік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еліміздің шалғай өңірлеріне байланыс қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

«KazSat» сериялы ҒА ресурстары Қазақстан Республикасында тиімді және сенімді спутниктік байланыс арналарын іске асыруға мүмкіндік берді. «РҒБО» АҚ пайдаланатын «KazSat» сериялы ғарыш аппараттары Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV) ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы байланыс мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асырудағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.

FaLang translation system by Faboba