bt_001.jpg

Бауыржан Төлеуханұлы Құдабаев «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы

Бауыржан Төлеуханұлы Құдабаев 1971 жылы дүниеге келді.
1993 жылы Санкт-Петербург қаласындағы А.Ф. Можайский атындағы Әскери инженерлік-ғарыштық академияны бітірді, біліктілігі ұшу аппараттарының инженер-механигі.
1993 жылдан бастап 1998 жыл бойынша Байқоңыр қ. РФ әскери-ғарыш әскерінде қызметтен өтті, 1999 жылдан бастап 2005 жыл бойы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштерінде Алматы, Астана қалаларында запас подполковнигі қызметін атқарды.
«РҒБО» АҚ-да жұмысын 2005 жылдың тамызында Ақкөл қаласындағы жерүсті басқару кешенінің (ЖБК) ұшуларды басқару орталығының (ҰБО) жетекші инженері ретінде бастады. 2006 жылы ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесінің («Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы) директоры болып, 2008 жылы – «РҒБО» АҚ вице-президенті болып тағайындалды.
2018 жылы 1 қазаннан бастап Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің бұйрығына сәйкес «РҒБО» АҚ президенті лауазымына тағайындалды.
2019 жылы 25 ақпаннан бастап Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды.
Б.Т. Құдабаев – Халықаралық байланыс академиясының академигі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаталды, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Қазғарыштың, Роскосмостың әскери және ведомствалық марапаттарына ие.

Свогузов Шоқан Галиханұлы Басқарма Төрағасының ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану жөніндегі орынбасары

Ермашов Роман Сергеевич Басқарма Төрағасының бизнесті және байланыс жүйелерін дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары

Ли Виталий Ростиславович Басқарма Төрағасының стратегиялық жобалар жөніндегі орынбасары

Иргалиев Руслан Искандирұлы Басқарма Төрағасының құқықтық мәселелер және халықаралық шарттар жөніндегі орынбасары

FaLang translation system by Faboba