«KazSat-3» ғарыш аппаратын ГСО ұшыру 2014 жылы 28 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүргізілді. Спутник «РҒБО» АҚ тапсырысы бойынша «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМБК ресейлік кәсіпорынмен Thales Alenia Space (Италия) компаниясымен бірлесіп жасалды.

«KazSat-3» ҒА жасау барысында ғарыш аппаратының берілген сипаттамаларын және қажетті сенімділік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық шешімдер қолданылды.

«KazSat-3» спутнигі келесі телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуге арналған: телерадио хабар тарату, телефония, интернет желісіне қол жетімділікті ұйымдастыру, деректерді беру және т.б.

«KazSat-3» спутнигінің қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Ресейдің орталық бөлігін, Орталық Азия елдерін қамтиды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ

Орбитада тұру нүктесі

58,5 ш.б.

Белсенді жұмыс істеу мерзімі

15 жыл

Техникалық ресурсы

16,5 жыл

Пайдалы жүктеу модулінің жиілік диапазоны

Ku

Транспондерлер саны

28

Транспондерлерді өткізу белдеуі

54 / 36 МГц

Орбитадағы спутниктің массасы

1701 кг

Негізгі қуат шинасы 100 В, бойынша ПЖ тұтыну

5800 Вт

Ғарыштық платформа түрі

Экспресс 1000НТВ



FaLang translation system by Faboba