2005 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына жақын жердегі Ақкөл қаласының көрікті орман алқабында бірінші қазақстандық ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі құрылды.

Кешен ғарыштық аппараттарды басқару үшін жаңа технологиялық жабдықпен жарақтандырылған. Жерүсті кешенінің барлық жүйелері толық автономды және тәуелсіз. Жерүсті кешені «KazSat» сериялы ғарыштық аппараттардың берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын басқару, бақылау және сүйемелдеу міндеттерін үздіксіз орындауға арналған.

Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінің жарақтандылуы:

- спутникке басқару командаларын беруге және оның орбитада орналасуын дәл өлшеуге арналған командалық-өлшеу жүйесі.
- ҒА транспондерлерінде орбиталық сынаулар мен өлшеулерді жүргізуге, ҒА транспондерлеріндегі сигналдар мониторингін жүзеге асыруға және спутниктік байланыстың жерүсті станцияларының параметрлерін өлшеуді жүргізуге және оларға спутникпен жұмыс істеуге қолжетімділік рәсімін жүзеге асыруға арналған командалық-өлшеу жүйесі.

Байланыс мониторингі жүйесі «Vertex» шығарған d 9 m антенналар жүйесі және d 7.3 m екі антенналы қабылдау жүйелері бар мониторинг станциясынан, «Thales Alenia Spase» компаниясының аппараттық-бағдарламалық бақылау-өлшеу жабдығынан, тиісті бағдарламалық жасақтамасы бар серверлік және клиенттік жабдықтан тұрады.

Байланыс мониторингі жүйесі 14° Е бастап 130° Е дейінгі орбиталық позицияларда келесі функцияларды жүргізуге мүмкіндік береді:

- Кu жиіліктер диапазонындағы сызықты поляризацияланудағы транспондерлерді орбиталық өлшеулерді жүргізу.
- Кu жиіліктер диапазонындағы әрбір транспондердің нақты жиіліктік-энергетикалық жоспарына үздіксіз автоматтандырылыған мониторинг жүргізу.
- Жердегі спутниктік станцияларға ғарыштық сегментке рұқсаттама берген кезде олардың мәлімделген сипаттамаларына өлшеулер жүргізу.
- Әрбір тасымалдаушының жиіліктік-энергетикалық сипаттамаларына мониторинг және өлшеулер жүргізу.
- Тасымалдаушыларға тұрақты мониторинг жүргізу және олардың цифрлық параметрлерін анықтау
- Транспондерлердегі бөгеуілдік ахуалды бақылау
- Өлшеулердің нәтижелерін сақтау

DVB стандарттарының принциптеріне сәйкес телевизиялық арналарға мониторинг жүргізу және тасымалдау ағындарының параметрлерін анықтау.Телевизиялық арналарға мониторинг жүргізу үшін екі d 2.4 m қабылдау антеннасы орнатылған.

Мониторинг станциясының жиіліктерінің жұмыс диапазоны төменгі сызықта 10700 MHz-12750 MHz, жоғарғы сызықта 13750 MHz-14500 MHz, поляризациялануы - сызықты.

Байланыс мониторингі жүйесі үш ғарыштық аппарат үшін жоғарыда аталған функцияларды бір уақытта және тәуелсіз түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Радиотехникалық жабдықтың құрамында Vertex-750 Вт (2+1-резервтеу жүйесі) шығарған ЛБВ-дағы таратқыштар бар. Мониторинг және өлшеулер бағдарламалық кешендерін «Thales Alenia Space» фирмасы (ICTM және MCC) шығарған.

Ұшуды басқару орталығы

«KazSat» сериялы байланыс және хабар тарату геостационарлық ғарыштық аппараттар орбиталық топтастығын басқаруды Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару орталығы кешені жүзеге асырады.

Ұшуды басқару орталығының мамандары күн сайын көптеген міндеттерді орындайды. Мамандандырылған жабдықтың көмегімен инженерлер ғарыштық аппараттардың борттық жүйелері мен агрегаттарының берілген техникалық сипаттамаларын үздіксіз басқаруды, бақылауды және сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Спутниктер мақсатты міндеттерді орындап жатқанда Ұшуды басқару орталығының мамандары ғарыштық аппараттардың техникалық жағдайын тұрақты талдауды және бақылауды жүзеге асырады, оларды пайдаланудың қауіпсіз режимдерін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Ғарыштық аппарттардың жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ету үшін баллистикалық есептеулер жүргізіледі.

Мониторингті басқару орталығы

Мониторингті басқару орталығы – жерүсті басқару кешенінің құрылымдық бөлімшесі. Орталықпен спутниктік байланыс және хабар таратудің ұйымдастырылған каналдарының үздіксіз мониторингі, спутниктік байланыстың жердегі пайдаланушы станцияларының жиіліктік-энергетикалық ресурсқа қолжетімділігі және ретрансляция жасалатын дабылдардың параметрлерін өлшеу, «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеуінің транспондерлерінің параметрлерін оңтайландыру және жүктеу үшін деректерді дайындау және бақылау жүзеге асырылады.

Мониторингті басқару орталығына жүктелген міндеттерді орындау үшін байланыс мониторингі жүйесі (БМЖ) ұйымдастырылды.

Байланыс мониторингі жүйесі құрамында бар:

- мониторинг станциясы (МС) аумақтығы бойынша Ақмола облысы Ақкөл қ. және Алматы облысы Байсерке а. орналасқан бақылау-өлшем жабдықтарының кешенінен тұратын БМЖ аппараттық-бағдарламалық бөлігі болып табылады.
- Автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) қызметтік белгілері бойынша бөлініп, жиіліктік-энергетикалық ресурсты жоспарлау және басқару бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеуінің транспондерлерін өлшеу және мониторингін жүргізу үшін, сондай-ақ ЖС транспондерлердегі жұмысқа қолжетімділігін жүзеге асыру үшін олардың параметрлерін өлшеуді жүргізу үшін арналған.

Байланыс мониторингі жүйесі арналған:

Транспондерлер жиіліктерінің барлық жұмыс диапазонында белдеулік (горизонталды Н және вертикалды V) поляризациямен Ku – диапазонында «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеулерінің транспондерлерінің параметрлерінің орбиталық сынақтары мен өлшеулерін жүргізу үшін;
Операторлардың байланыс желілерінің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін транспондерлердегі сигналдардың (соның ішінде тасымалдаушы сандық және аналогтік телевидение) мониторингі, сондай-ақ белгіленген жұмыс режимдерін және транспондерлердің техникалық сипаттамаларын қолдау үшін;
Жер станцияларының (ЖС) параметрлерін өлшеу жүргізу және олардың спутникпен жұмысқа рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін;

ҒА жұмысының барлық жиілік диапазонының оқпанындағы кедергі жағдайын бақылау.

FaLang translation system by Faboba