2013 жылы 28 маусымда «Алматы» ҒБО құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.

«Көктерек» ҒБО – бұл жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» ҒБО аналогы ретінде құрылған қазіргі заманғы технологиялық орталық.

«KazSat-3» жобасы бойынша орталықты жаңғырту және қайта құру 2013 жылғы қазанда жүргізілді.

«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы:
• «KazSat» сериялы ҒА резервтік басқару, бақылау, берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларды ұстап тұру;
• «KazSat» сериялы ҒА пайдалы жүктемесінің мониторингі;
• телепорт –Pre-hubbing, Colocation, Last-mile қызметтерін көрсетуге тағайындалған.

«РҒБО» АҚ ұсынылатын телекоммуникациялық қызметтер түрлерінің спектрін үнемі дамыта және кеңейте отырып, «Көктерек» ҒБО базасында спутниктік және жерүсті байланыс желілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін алғашқы қазақстандық Телепорт құрды.

«Көктерек» ҒБО-ның іске асырылған әлеуеті оны нысаналы мақсаты бойынша ғана емес, сонымен қатар оның инфрақұрылымын өздерінің спутниктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмысына, сондай-ақ перспективалық жобаларды дамытуға мүдделі спутниктік байланыс компанияларына ұсынуға мүмкіндік береді.

«Көктерек» ҒБО-ның технологиялық қазіргі заманғы алаңын көп мақсатты пайдалану Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық саласын табысты дамытудың тағы бір кезеңі болып табылады.

FaLang translation system by Faboba