«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып табылады және келесі қызметтерді көрсетеді:
1. «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының транспондерлік сыйымдылығын жалға беру;
2. Спутниктік желілерді құру және олардың негізінде телекоммуникациялық қызметтерді ұйымдастыру үшін технологиялық инфрақұрылымды ұсыну;
3. 14-тен бастап 130 градусқа дейінгі шығыс бойлығындағы геостационарлық доғадағы ku-жиіліктер диапазонындағы бекітілген спутниктік байланыс арналарын мониторингтеу.

«РҒБО» АҚ Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік мекемелерге, әскери басқару органдарына және жеке ұйымдарға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV), Интернет желісіне кеңжолақты қатынау, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

FaLang translation system by Faboba