Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Көктерек» ҒБО мамандарымен кездесу өткізді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 08.09.2022

АЛМАТЫ. КӨКТЕРЕК. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. «РҒБО» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің комплаенс-офицері Боран Дүйсенов 2022 жылғы 7 қыркүйекте «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының (ҒБО) еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын іске асыру мәселесі талқыланды, атап айтқанда, Қоғамдағы бизнес-процестер, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінде қабылданған және бекітілген ішкі нормативтік құжаттар туралы сөз болды.

Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде адалдық пен ашықтық қағидатын, Қоғам қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін антикор саясатына қолдау білдірді.

Сондай-ақ, «Көктерек» ҒБО қызметкерлері комплаенс-офицермен өндірістің жекелеген учаскелерінде жұмысты жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Мысалы, Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды, техникалық ерекшеліктерді дайындауды және жабдықтарды сатып алуды, жеткізушілермен жұмыс істеуді жетілдіру қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді. Белсенді талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, іскерлік этика және корпоративтік басқару нормаларын жақсарту және сақтау үшін басқа да шаралар айтылды.

Ұжыммен кездесуден кейін комплаенс-офицер «Көктерек» ҒБО басшысы Роман Ермашовпен бірге «Kazsat» ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешенінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, ол жерлердегі мамандармен әңгімелесті.