Пресс-центр/
Жаңалық

Ғарыштық байланыс инженерлері республикалық ТД экранында

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 09.03.2023

АҚКӨЛ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. «РҒБО» АҚ нысандарына журналистер әртүрлі ақпараттық шаралар бойынша жиі келеді. Бұл жолы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына (ҒБО) «Қазсат» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің жұмысымен алғаш рет танысқан «Хабар-24» телеарнасының түсірілім тобы келді. «Біз көптен бері осында болуды және барлығын өз көзімізбен көруді, ғарыш аппараттарына қызмет көрсететін және басқаратын адамдармен танысуды армандадық», - деді тілшілер. Жер серігі немен жұмыс істейді, олардың жұмыс ресурсы қандай, ұлттық байланыс жүйесі одан әрі қалай дамиды? Бұл туралы «Хабар-24» телеарнасына ғарыштық байланыс инженерлері айтып берді. Сюжетке сілтеме https://24.kz/ru/news/social/item/589740-srok-sluzhby-kazakhstanskikh-sputnikov-svyazi-prodlili