Пресс-центр/
Жаңалық

Қазақстан Тәжікстан үшін жерсеріктік байланыс арналарын ұйымдастырады

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 13.12.2022

АЛМАТЫ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) тәжікстандық «Нет Солюшенс» ЖШҚ» компаниясымен келісімге қол қойды. Тараптар «KazSat-3» жерсерігі арқылы Тәжікстан Республикасының мүддесі үшін жерсеріктік байланыс арналарын ұйымдастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құжатқа «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов пен «Нет Солюшенс» компаниясының бас директоры Бахтовар Абдусатторов қол қойды.

Келісімге сәйкес, «РҒБО» АҚ 2023 жылы шығыс бойлықтың 58,5 градус орбиталық позициясында орналасқан «KazSat-3» ғарыш аппаратының транспондерлік қуатын ұынуға дайын.

«Kazsat» жерсеріктік байланыс жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің аумағында ғарыштық байланыс қызметін көрсетуге қабілетті. Бұл бағытта Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, қазір Тәжікстанмен ынтымақтастық жолға қойылған. РҒБО болашақта Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс қызметтерін көрсету үшін халықаралық нарыққа шығуды жалғастыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Василий Леонов.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда екі байланыс жерсерігінен және «Ақкөл» және «Көктерек» жерүсті басқару кешендерінен тұратын «Kazsat» ұлттық жерсеріктік байланыс және хабар тарату жүйесі бар.