Пресс-центр/
Жаңалық

Алматы қаласында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына «РҒБО» АҚ делегациясы

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 16.09.2022

АЛМАТЫ. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстанның оңтүстік астанасында «Ғарыштық техника мен технологияның дамуындағы механика және автоматты басқару теориясының басымдықтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында (ҰҒА) өткен форум ҚР ҰҒА академигі Мейірбек Молдабековтың 75 жыл мерейтойына арналды.

Мерейтой иесіне арнаған құттықтау сөзінде «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев: «Сіз Қазақстандағы барлық ірі ғарыштық жобаларға тікелей қатыстыңыз, Сізді еліміздің ұлттық ғарыш саласының негізін салушылардың бірі деп атауға болады. Бүгінгі де Сіз ғарыш ғылымы саласында табысты қызмет атқарудасыз».

Толығырақ https://www.inform.kz/ru/nauka-kosmos-i-muzyka-reportazh-iz-nacional-noy-akademii-nauk_a3980045 сілтеме бойынша ҚР Ұлттық ғылым академиясынан репортаж