Пресс-центр/
Жаңалық

"РҒБО" АҚ қазақстандық ғарыштың 30 жылдығына орай іс-шаралар өткізеді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Нургалиева Сара Кабиевна
Күн: 11.02.2023

АҚКӨЛ. ЖЕКЕ АҚПАРАТ - 2023 жылғы 11 ақпанда "Ақкөл" ғарыштық байланыс орталығы аумағында шаңғы жарысы бойынша жарыстар, сондай-ақ қазақстандық ғарыштың 30 жылдығына орай KazSat Games зияткерлік ойыны өтті.

Іс-шараға Аэроғарыш комитеті (АКК), ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер Комитеті (МҚК), "РҒБО" АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ, "Ғалам" ЖШС қызметкерлері қатысты.

5 км ерлер арасындағы шаңғы жарысына 11 адам қатысты. Үздік нәтижені «Ғалам» ЖШС өкілі А. Келгімбаев көрсетті. Ол қашықтықты 23 минут 57 секунд және 59 милисекундта жүріп өтті.

Әйелдер шаңғы трассасында Аэроғарыш комитетінің қызметкері Гүлмира Ахметова жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, төрешілер Қазғарыштың өкілі Қаламқас Жәнібекованы атап өтті, ол қателесіп 5 км қашықтықты жүріп өтіп, жарыстың өте жақсы уақытын ер адамдармен қатар көрсетті.

Компанияның корпоративтік мәдениетін арттыру бойынша РҒБО – ның визит карточкасына айналған KazSat Games зияткерлік ойынына үш команда қатысты - РҚКО, МҚК, АҒК.

Ғарыштық тақырыптағы білімге арналған зияткерлік жылынуда "РҒБО" АҚ қызметкерлері үздік болды, екінші және үшінші орындарды қонақтар – АҒК және МҚК өкілдері иеленді.

ҚР ЦДИАӨМ АҒК төрағасы Баубек Оралмағамбетов қазақстандық ғарыштың мерейтойына орай іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін РҒБО және "Ақкөл" ҒБО басшылығына алғысын білдіріп, жарыс жеңімпаздарын құттықтап, сыйлықтар табыс етті.