Пресс-центр/
Жаңалық

Digital Almaty 2023 мерейтойлық цифрлық форумы өтіп жатыр

Автор - ПРЕСС-СЛУЖБА МЦРИАП РК
Аудармашы - НУР-СУЛТАН.ҚР ЦДИАӨ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Күн: 03.02.2023

АЛМАТЫ. ЦДИАҒӨМ – 2-3 ақпанда Алматыда «Digital Almaty: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» V мерейтойлық халықаралық цифрлық форумы өз жұмысын бастады.

Форумның басты тақырыбы Инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ.

Форумның салтанатты ашылуында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтау сөз сөйлейді.

Бағдарламада-29 панельдік сессия, онда халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастықтың атынан 150-ден астам спикер сөз сөйлейді. 1 ақпандағы жағдай бойынша форумға 17 мың келуші тіркелді.

Бірінші күні пікірталасқа қатысушылар Қазақстандағы цифрлық майнинг индустриясын, мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын, криптобиржаларды дамыту перспективаларын, білім беру саласындағы киберқауіпсіздік пен технология мәселелерін талқылады.

Форумның екінші күні пленарлық отырыстан басталды, оған ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысты. Ал екінші күні панельдік сессиялар барысында форумға қатысушылар технопарктердің дамуын, корпоративтік инновациялардың трендтерін, цифрлық нарықтардағы деректерді реттеу мәселелерін, креативті индустрияларды және қоғамдық игілік үшін цифрландыруды талқылады.

Сондай-ақ, форум аясында Индустрия 4.0 көрмесі, Astana Hub Battle, технологиялық марафон, стартаптар көрмесі және балалар робототехникасы бойынша халықаралық чемпионат өтеді.

Сонымен қатар, форум аясында Digital Almaty Awards IT-сыйлығы өтеді, Tech Garden Awards кәсіпорындарын цифрлық дамыту конкурсының қорытындысы шығарылады.

Форум сайты https://almatydigital.kz , Инстаграм @digital_almaty, хэштег #digitalalmaty2023.

Digital Almaty-цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub болып табылады.