Пресс-центр/
Жаңалық

ҚР Президентінің алдағы сайлауына байланысты «РҒБО» АҚ ұжымындағы кездесу

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 18.11.2022

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ. 2022 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «РҒБО» АҚ орталық кеңсесінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілдерімен, сенімді тұлғаларымен кездесу өтті.

Астана қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Дженалаева, «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы Бауыржан Смайылов, Қазақстан Халықтық партиясының мүшесі Серік Тәшенов «РҒБО» АҚ ұжымын негізі «Әділ Қазақстан» болып табылатын өз кандидатының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

«РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев, «Ақкөл», «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтарының, Жангелдин кеңсесінің қызметкерлері, 34 еліміздің қазіргі Президентінің бағытына қолдау білдіріп, 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің тарихи сайлауында өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, өз таңдауларын жасайтындықтарын мәлімдеді.