Пресс-центр/
Жаңалық

Kazsat-2 байланыс жерсерігі орбитада 4000-шы бұрылыс жасады

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 05.07.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстандық «Кazsat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігі орбитада төрт мың тәуліктен астам уақыт жұмыс істеуде. Мұндай статистикамен «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының инженерлері бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ғарыш аппараты штаттық жұмыс істеп тұр, борттық жүйелерге ескертулер жоқ» - біздің жерсеріктеріміздің жағдайы туралы басшылыққа қысқаша баяндама осылай жасалады. Сырттан қараған адамға жерсерікті басқару және бақылау оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда, бұл сөздердің артында тұтас ұжымның: баллистиктердің, борттық жүйелерді талдаушылардың және ғарыш аппаратын басқару жөніндегі мамандардың орасан зор еңбегі жатыр. Олардың көпшілігі біздің жерсеріктер ұшырылған алғашқы күннен бастап осы ұжымда жұмыс істейді. Біз үшін «Kazsat-2» жерсерігінің 4000 орамы немесе ұшу тәулігі - айтулы оқиғаі, - деді «Ақкөл» ҒБО Ұшуды басқару орталығының (ҰБО) басшысы Бекболот Азаев.

Баллистикалық-навигациялық қамтамасыз ету бөліміндегі жиналыста осы уақыт ішінде жерсеріктің жұмысының кейбір нәтижелері шығарылды. Ұшу кезінде «Kazsat-2» ғарыш аппараты оның орбитасын түзету маневрлерін жүргізу үшін қажетті 61,23 кг отын (ксенон) жұмсады. Қалғаны - 78,77 кг, және есептелген мәліметтер бойынша қалған отын 2027 жылға дейін жетеді.

2021 жылы жүргізілген техникалық аудит негізінде «Kazsat-2» жерсерігін пайдаланудың есептік мерзімі 2023 жылдан бастап 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. «Бұл ҰБО-ның барлық ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді. «Kazsat» ғарыштық байланыс жүйесінің табысты жұмыс істеуі - бұл алғашқы ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесін пайдаланатын «РҒБО» АҚ ұжымының жұмысының жалпы қорытындысы», - деп атап өтті Б.Азаев.

«KazSat-2» ғарыш аппараты 2011 жылғы 16 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан геостационарлық орбитаға (ГСО) ұшырылды. «Kazsat-2» жерсерігі телерадио хабарларын тарату, телефония, Интернет желісіне қолжетімділік, деректерді беру қызметтерін ұсынады. «KazSat-2» ҒА қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.