Пресс-центр/
Жаңалық

Депутат Парламента РК Е. Смышляева посетила АО «РЦКС»

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 02.11.2022

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ - Республикалық ғарыштық байланыс орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляеваның қатысуымен жедел кеңес өтті.

Бұл туралы соңғы уақытта Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып жүрген депутат Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

«Отандық ғарыш саласын дамытудың күн тәртібінде көптеген мәселелер бар. Бір постқа сыймайды, бірақ бір жаңалықпен бөліспесем болмайды» - деп жазды парламентші.

«Біздің KazSat жерсеріктік топтамасының күшімен Цифрландыру министрлігі халқы 250 адамнан аз ең шалғайдағы ауылдық елді мекендерді (АЕМ) байланыспен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаларды жоспарлап отыр. Биыл жобаға 10 ауыл кіруі тиіс. Алматы облысындағы бір ауыл осындай байланыс алып жатыр (облыс орталығынан 330 км). Егер бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы АЕМ саны 250-ге дейін жетуі мүмкін», - деді Екатерина Смышляева.

Депутат осы пилоттық жобаның артықшылықтарын атап өтті.

«Біріншіден, мұндай тәсіл байланыс инфрақұрылымын қамтамасыз ету процесіне ғарыш саласының отандық кәсіпорындарын (экономика, кадрлар, ғылым, даму) тартады. Екіншіден, бұл 100% отандық қамтамасыз ету, ұлттық орталықтардың жерсеріктерімен толық бақылау және басқару қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Үшіншіден, мұндай жобалардың құны төмен орбиталық жерсеріктік қызметтерге қарағанда төмен екені сөзсіз (шамамен екі есе). Біз біреудің баға саясатына тәуелді емеспіз», - деп өз ойымен бөлісті депутат.

Кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «РҒБО» АҚ басшысы Мәлік Жүйріктаев ұсынған ақпараттан кейін Екатерина Васильевна өз парақшасының оқырмандарына KazSat-3 жерсерігінің орнына интернет пен телевизиялық хабар таратуды қолжетімді әрі сапалы етуге мүмкіндік беретін жаңа аппарат келетіндігі, ең бастысы трафик көлеміне қарай ресурстарды операторлар арасында бөлуге мүмкіндік беретіні туралы хабарлады.

«Біз бәрін өзіміз жасай аламыз және ешкім ғарышты бізден алып қоя алмайды!», - деп жазды депутат Екатерина Смышляева 2021 жылдың жазында Ақкөл қаласындағы KazSat жерсеріктерін басқару орталығына барған суретімен бірге ұсынып.