Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ Vision Zero «нөлдік жарақат» жаһандық тұжырымдамасына қосылды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 02.12.2022

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – 2022 жылғы 2 желтоқсанда «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасына «нөлдік жарақаттануға» қол жеткізуге бағытталған Vision Zero жаһандық науқанына «РҒБО» АҚ-ның қосылуы туралы сертификат табыс етілді.

Артықшылығы қызметкерлердің қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылатын «Vision Zero» тұжырымдамасын Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) әзірледі және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлердің кәсіптік ауруларының алдын алуға бағытталған.

«Қоғам «Vision Zero» ұстанымдарымен бөліседі. Адамдар – біздің басты құндылығымыз және негізгі капиталымыз. Осы жаһандық қозғалысқа қосыла отырып, біз компания қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәдениетіне басымдық береміз», - деп атап өтті «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев.

«Vision Zero» тұжырымдамасын енгізу шеңберінде компанияда еңбек қауіпсіздігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар әзірленді, деп хабарлады «РҒБО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Замира Баймағамбетова.