Пресс-центр/
Жаңалық

ХАТУ студенттері «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 01.12.2022

АЛМАТЫ. ӨЗДІК АҚПАРАТ – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) 4 курс студенттері «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығына (ҒБО) экскурсиямен барды. «Көктерек» ҒБО директоры Роман Ермашов «Кazsat» ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешенінің жұмысына, орталықтың жаңа міндеттеріне тоқталып өтті. Дипломдық жобаларды дайындап жатқан көпшілік студенттердің ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің жұмысы, Қазақстандағы ғарыштық байланыстың мүмкіндіктері, ғарыш саласындағы кәсіпорындардағы алдағы жұмыс жоспарлары туралы сұрақтары көп болды.

Өздеріңіз білетіндей, «РҒБО» АҚ жастарға кәсіптік бағдар беру бойынша көптеген жұмыстар атқаруда. Еліміздің бірнеше техникалық ЖОО студенттері ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумдар негізінде жыл сайын «РҒБО» АҚ нысандарында диплом алдындағы тәжірибеден, тағылымдамадан өтеді.