Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ қызметкерлері ҚР Конституциясы күніне орай марапатталды.

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 30.08.2021

НҰР-СҰЛТАН. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, орындалған тапсырмалардың жоғары сапасы, бастамашылығы, шығармашылық белсенділігі, кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «РҒБО» АҚ мамандар тобы «Қазақстанның ғарыштық байланыс ардагері» медальдары мен Қоғам Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Тізімде (қоса берілген) ұжымда 10 жылдан астам жұмыс істеген 26 адам «Қазақстанның ғарыштық байланыс ардагері» медальдарымен марапатталды. 11 адам - негізінен «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының қызметкерлері - «РҒБО» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

«РҒБО» АҚ басшылығының ҚР Конституциясының 26 жылдығы құрметіне арналған құттықтауында еліміздің Негізгі заңының қабылдануы қазақстандықтардың жарқын болашағының басталу нүктесі болғаны атап өтілді. Өйткені, Конституция - әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмауға байланысты қолданыстағы шектеу және карантиндік шаралар аясында, өкінішке орай, салтанатты жағдайда марапаттау рәсімі мүмкін болмады.

Список работников