Бағдат Мусин Starlink ауқымын кеңейтуді талқылау үшін SpaceX компаниясымен кездесті
АСТАНА – 16 сәүірде цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceХ жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директор Ребекка Хантермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жабдықтау, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды, хабарлады ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.
Starlink-ке қосылған Шұбар ауылынының мектебін SpaceX өкілдері өз көздерімен көріп қайтып, кездесі барысында оң ойларымен бөлісті.
"Әріптестермен көрісіп, ҚР Президентінің тапсырмасымен Space X компаниясының жобасын іске асыру жолдары туралы сөйлескеніме қуаныштымын", - деп атап өтті министр.
Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.