Пресс-центр/
Жаңалық

Ғарыш бізге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін үйретеді

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 12.04.2023

Ғарыш бізге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін үйретеді – Қазғарыш басшысы

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 1961 жылы 12 сәуірде адамзат ғарыш кеңістігіне тарихи қадам жасады. Алғашқы адамның – Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Жерден ғарышқа алғашқы жол салынған Қазақстанға тағдырдың өзі ғарыш елі болуға бұйырған шығар. Осы айтулы күні «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовтен сұхбат алды.

Баубек Жеткергенұлы, егер ауқымды түрде айтсақ, қазіргі таңда Қазақстанның ғарыштық инфрақұрылымы қандай, бізде ғарыш саласы бар деп айта аламыз ба?

– Елдің ғарыш қызметін дамыту өзара байланысты, өзара тәуелді және дәйекті дамып келе жатқан бес бағыт бойынша жүргізіледі. Дәл осы кешенді ғарыш қызметінің процесі, барлық бағыттардың тұрақты дамуы елдің ғарыш саласы жүйесі туралы айтуға құқық береді.

Біріншісі: бұл ғылыми ғарыштық зерттеулер: іргелі және қолданбалы. Қазақстандық ғарыш ғылымнан басталғанын атап өту керек. Бұл астрофизика институты, Ионосфера институты жүргізетін іргелі зерттеулер. Бұған ғаламның бірегей космологиялық объектілеріне мониторинг жүргізілетін, үлкен астрономиялық жүйелерді модельдеу міндеттері шешілетін, жерге жақын ғарыш кеңістігінің жай-күйін диагностикалау және болжау жүйесі құрылатын шалғай және жақын ғарышты, күн-жер байланыстарын зерттеу кіреді.

Сондай-ақ, біздің ұйымдар жерсеріктік технологияларды әзірлеу, аспаптар жасау және жерге жақын ғарыш кеңістігін бақылау жүйелерін дамыту сияқты қолданбалы сипаттағы зерттеулер жүргізуде. Бұл жерсеріктік құрылыстағы қазақстандық қамтуды ұлғайтуға, біздің инженерлердің құзыреттерін дағдылары мен құзыреттерін дамытуға бағытталған сыни технологиялар.

Екіншісі – бұл ғарыш техникасын өндіру. Бұл қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізуді ескере отырып, ғарыш аппараттарын жасау. Бізде негізгі инфрақұрылым бар – 2023 жылдың 30 наурызында Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) өнеркәсіптік пайдалануға берілді. ҚСК салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі жерсеріктерді жобалауға, дайындауға, құрастыруға және сынауға арналған. Кешенде 5 өндірістік және 6 сынақ учаскесі, 3 зертхана бар.

Мамандардың құзыретін қоса алғанда, кешеннің жұмысы Airbus компаниясының халықаралық серіктесімен сертификатталған, бұл болашақта халықаралық тапсырыстарды тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстандық мамандар осы бірегей ғарыш кешенін пайдалануға қаншалықты дайын?

– Бізде осындай жоғары технологиялық кешенді пайдалану үшін барлық құзыреттер бар. Біздің инженерлер еуропалық өндіріс орындарында ағылшын және француз инженерлерімен бірге «иін тіресе отырып» қағидаты бойынша оқытылды. Нәтижесінде, біздің инженерлер бастаған бірлескен команда «KazSTSat» технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асырды, онда 5 жаңа технология әзірленді. «KazSTSat» 2018 жылғы 3 желтоқсанда іске қосылды және мәлімделген 1 жыл мерзім орнына 4 жылдан астам табысты пайдаланылуда. Бұл жерсерік бесінші жыл орбитада және біз оның кем дегенде 7 жыл жұмыс істейтініне сенеміз.

Биылғы жылы «KazSTSat» технологиялық жерсерігін құру шеңберінде қазақстандық инженерлер бұрын алған тәжірибе мен технологияларды қолдана отырып, кемінде үш ғарыш аппаратынан тұратын KazEOSat-MR орта ажыратымдылықтағы ЖҚЗ жерсеріктерінің топтамасын жобалауға тапсырыс жоспарлануда.

Бүгінгі күні біз ҚСК-да жерсеріктерді құрастыру және сынау кезінде 100% қазақстандық қамтуды қамтамасыз ете аламыз деп айта аламыз. Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерін (ЖҚЗ) жобалау бойынша біз 50%-ға, ал телекоммуникациялық жерсеріктерді жобалау бөлігінде кем дегенде 10%-ға дайынбыз.

Үшінші бағыт – іске қосу қызметтері. Қазақстан әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағының иегері болып табылады, бұл Ресей Федерациясының 2050 жылға дейін жалға алған «Байқоңыр»ғарыш айлағы. Жалға алу қатынастарына қарамастан, Қазақстан 2018 жылы Ресей Федерациясымен бірлескен «Бәйтерек» жобасын іске асыру шеңберінде одан әрі жаңғырту мақсатында жалға алынған «Зенит» ғарыштық зымыран кешеніне ие, оның шарттары бойынша қазақстандық тарап жердегі ұшыруды жаңғыртуға, ал Ресей тарапы – «Союз-5» тобының экологиялық қауіпсіз зымыран тасығышын жасауға жауапты.

Қазірдің өзінде «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысында қазақстандық техникалық мамандар конструкторлық құжаттамамен жұмыс істеу кезінде, біздің мамандар толық қызмет көрсететін «Зенит» ғарыштық зымыран кешенін пайдалану және жұмысқа жарамды күйде ұстау бойынша жұмыста құзыреттерін арттыруда.

Төртінші бағыт – ғарыш аппараттары мен жерүста басқару кешендерін пайдалану. Біз 5 ғарыш аппаратынан тұратын Қазақстанның үш жерсеріктік жүйесінің жұмысы туралы айтып отырмыз. Бұл KazSat-2, KazSat-3 байланыс және хабар тарату жерсеріктері және жерүсті басқару кешендері – «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталықтары. KazSat ғарыштық байланыс жүйесін табысты пайдалануды «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жүргізіп отыр.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ «KazEOSat-1» және «KazsEOSat-2» ЖҚЗ екі жерсерігінің жұмысын қамтамасыз етеді, ал «Ghalam» ЖШС – KazSTSat технологиялық мақсаттағы жерсерігін штаттық пайдалануды жүргізеді. Бұл аппараттардың барлығы қазақстандық инженер-конструкторлардың қатысуымен құрылды.

Бесінші бағыт – ғарыштық технологияларға негізделген сервистер.

Баубек Жеткергенұлы, сервистер – бұл қызмет көрсету. Бүгінгі таңда ғарыштық технологияның қандай экономикалық әсері туралы айтуға болады?

– Мысалы, ғарыштық байланыс қызметтерін ұсыну. Біздің KazSat-2 және KazSat-3 байланыс жерсеріктері Қазақстанның байланыс, телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қажеттілігін 100 % қамтамасыз етеді. Мұнда ел экономикасына елеулі үлес қосып қана қоймай, мемлекеттің ақпараттық тәуелсіздігі де бар. Сондай-ақ, Республикалық ғарыштық байланыс орталығына жерүсті байланыс желілері арқылы байланыс жеткізу мүмкін емес шалғайдағы ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өткен жылы жоба 10 ауылда іске асырылды, биылғы жылы Қазақстан өңірлеріндегі тағы 176 ауылды интернетпен қамтамасыз ету қажет.

Қазақстандық ЖҚЗ спутниктері ғарыштық түсіруді жүзеге асырады, бұл табиғи және антропогендік сипаттағы барлық өзгерістерге объективті мониторинг береді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы салалық мемлекеттік органдар үшін 40-қа жуық геосервис құрып, жұмыс істеуде.

Бұл технологияларды қолдану біздің елде де дамыды. Мысалы, егер бірінші кезеңде тек ғарыштық суреттер ұсынылса, екінші кезеңде ғарыштық суреттерге талдау, интерпретация берілді, ал қазір үшінші кезеңде порталда мемлекеттік қызметтер көрсетуге дейін мемлекеттік органдардың бизнес-процестеріне байланыстыру жүріп жатыр. Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған www.minerals.gov.kz платформасы жарқын мысал болып табылады, онда жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды өндіруге және барлауға лицензия алуға өтінім бере алады.

Кейіннен мұндай тәсіл деректерді толық цифрландырумен және мемлекеттік органдардың бизнес-процестеріне байланыстыра отырып, басқа салалар үшін пайдаланылуы мүмкін.

Тағы бір мысал ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып, субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу үшін жерді ұтымды пайдалануды мониторингтеуге арналған «JerInSpectr» платформасы.

Мұнда мен ғылыми жобаларды коммерцияландыру туралы – Қазғарыш кәсіпорындары қызметкерлерінің ақпараттық ғарыштық технологияларын әзірлеу туралы да айтып өтейін. Бұл апаттар мен қираулар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (АҚШШ), ауыр жүк көліктерінде электронды пломбалары бар «Транзит» навигациялық жүйесі, ол әлі де пысықталуда. Яғни, ғарыштық технологиялар – бұл ел экономикасына жақсы үлес.

Ғарыш саласында жұмыс істейтін адамдар. Олар қандай деп ойлайсыз?

- Бізде Қазғарыштың еңбек ұжымдарында жерсеріктерді басқаруды жетілдіру, ғарыш техникасын әзірлеу, экономиканың әртүрлі салаларына ғарыш технологияларын енгізу бойынша күрделі міндеттермен айналысатын көптеген жас инженерлер, ғалымдар бар.

Біздің ғарыш саламыз – бұл адамдар мен олардың құзыреттеріне негізделген өзара байланысты, өзара қолдау көрсететін экожүйе. Олар әрқашан жаңалықтарға дайын және қиын мәселелерді шешу үшін білімі мен тәжірибесін үнемі арттыратын адамдар.

Сіз ғарышкер болуды армандадыңыз ба?

- Мен инженер-конструктор болуды армандадым және осы мамандыққа ие болып, инженер-конструктор болып жұмыс істеу бақытына ие болдым. Қазғарыш басшысы ретіндегі басты міндеттердің бірі – біздің ғарыштық топтарымызды сақтау және ұлғайту: ЖҚЗ жерсеріктері, байланыс және хабар тарату. Мұны біздің қазақстандық мамандардың қатысуымен өз технологияларымыздың негізінде жасау. Сондай-ақ ғарыштық технологиялар базасында сервистерді ұлғайту.

Бүгінгі Космонавтика күні – бұл адамның мүмкін емес нәрсені жасай алатынына сенетін және білетін адамдардың мерекесі. Еліміздегі және шетелдегі ғарыш цехындағы барлық әріптестерімізді, ғалымдарымызды, инженерлерімізді, еліміздің мақтанышы – ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровті, Талғат Мұсабаевты, Айдын Айымбетовті кәсіби мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға бейбіт кеңістік атынан амандық пен жаңа жетістіктер тілеймін.

Сұхбат үшін рахмет, Мейрамыңызбен!

https://www.inform.kz/ru/kosmos-uchit-nas-tomu-chto-net-nichego-nevozmozhnogo-glava-kazkosmosa_a4055873