Компания туралы/
Компания туралы
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 18 наурыздағы Қаулысымен құрылды.
«РҒБО» АҚ ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны болып табылады.
«РҒБО» АҚ «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының (ҒА) транспондерлік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызметтерді, 13-тен 130 дейінгі ш.б. геостационарлық доғада Кu-диапазонында тіркелген спутниктік байланыс арналарының мониторингін, Алматы облысының Көктерек кентінде орналасқан ғарыш аппараттарын резервтік жерүсті басқару кешені және байланыс мониторингі жүйесі базасында Телепорт қызметтерін көрсетеді.
«KazSat» сериялы ҒА ресурстары Қазақстан Республикасында тиімді және сенімді спутниктік байланыс арналарын іске асыруға мүмкіндік берді. «РҒБО» АҚ пайдаланатын «KazSat» сериялы ғарыш аппараттары Қазақстанның телекоммуникациялық операторларына, ұлттық компаниялар мен холдингтерге, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға цифрлық телерадио хабарларын таратуды (HD, DTH, IPTV) ұйымдастыру, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, деректерді беру және әртүрлі топологиядағы корпоративтік спутниктік байланыс желілерін құру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы байланыс мәселелері жөніндегі қызметті жүзеге асырудағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.
Компания туралы
Жаңалықтар
ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН
25.10.2026

ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН:

«Менің «РҒБО» АҚ-дағы сапарым осыдан тура 20 жыл бұрын, 2006 жылдың сәуір айының соңында басталды. Бұған ақпан айында Виктор Дмитриевич Лефтермен естелік кездесу себеп болған еді. Сол кезде маған Байқоңыр ғарыш айлағындағы бұрынғы қызмет орнымдағы істерімді аяқтауға уақыт беріп, кәсіби..

РҒБО командасы үстел теннисі жарыстарында сәтті өнер көрсетті
24.10.2026

2026 жылғы 24 қазанда ADD Table Tennis Astana спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) спартакиадасы аясында үстел теннисінен турнир өтті.