Компания туралы/
Комплаенс-қызметі
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның негізгі қызметі Ұлттық байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын, олардың ұшуын жерүсті басқару кешендерін құру және пайдалану, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға «KAZSAТ» сериялы хабар тарату, байланыс ғарыш аппараттары базасында қызметтер көрсету болып табылады.
Акционерлік қоғамның қызметі әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, кәсібилік, құзыреттілік негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік әдептің жалпы қабылданған қағидаттарына, Жарғыға және өзінің шарттық міндеттемелеріне қатаң сәйкестікте құрылады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына және Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына, мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясатқа сәйкес, сондай-ақ тиісті іс-шаралар кешенінен тұратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының жылдық Жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жағдай туғызатын алғышарттар, қызметкерлердің өз міндеттерін атқару кезіндегі заңсыз әрекеттері, сондай-ақ лауазымды адамдар мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын және нормативтік ережелер мен стандарттарды бұзатын өзге де тұлғалар тарапынан іскерлік әдеп кодексінің ішкі нормаларын этикалық емес мінез-құлық пен сақтамау туындаған жағдайда, сіз тәуелсіз «сенім телефоны» бойынша хабарлай аласыз:

8 701 777 00 45
8 777 999 19 55
Сондай-ақ, Сіз ауызша және жазбаша түрде хабарласып, dyussenov@rcsc.kz электрондық поштасына хабарлай аласыз. Бұдан басқа, Сіз Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің комплаенс-офицеріне келесі телефон арқылы хабарласа аласыз : 8 (7172) 61-31-71 (143).
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің комплаенс-офицері назардан тыс қалмайтын және олар бойынша тиісті шаралар қолданылатын Сіздің өтініштеріңіздің құпиялылығы мен анонимділігіне кепілдік береді.
Компания туралы
Жаңалықтар
«РҒБО» АҚ «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесін дайындауға қатысты
03.10.2026

АСТАНА - 2026 жылғы 2 қазанда ҚР Президенттік орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына, оның 80 жылдық мерейтойына және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесінің ашылуы өтті.<>/p

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің 3-ші отырысын өткізді
02.10.2026

АҚОРДА - Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Көктерек» ҒБО ұжымымен кездесті
29.09.2026

2026 жылғы 29 қыркүйекте «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Боран Дюсенов «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының басшылығы және мамандарымен онлайн форматта кеңес өткізді.

Кибергигиена: «РҒБО» АҚ мамандары оқушылармен кездесу өткізді
28.09.2026

2026 жыл Қазақстан Республикасының Президентімен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өткізетін Кибер айы аясында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 2026 жылғы 25 қыркүйекте «Кибергигиена: цифрлық...