Компания туралы/
Басшылық
Мәлік Қуанышбекұлы Жүйріктаев
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы
Мәлік Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.
Алматы энергетика институтын, Радиотехника және байланыс факультетін инженер-электроншы мамандығы және Алматы мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастаған.
Қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейінгі жолдан өтті. «Қазақтелеком» ҰАК, «Транстелеком» АҚ жүйесі, жеке құрылымдарда түрлі басшылық лауазымдарында қызмет еткен.
2017 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде «РҒБО» АҚ-да коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент, аппарат басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
«РҒБО» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек етті.
М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында, ол «Үздік байланысшы» құрметті атағының иегері болып табылады.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасының бұйрығымен Мәлік Қуанышбекұлы Жүйріктаев 2020 жылғы 1 қазаннан бастап «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.
ӘБДІРАХМАНОВ ЖАНАТАЙ ҚАНАТҰЛЫ
«РҒБО» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары
1982 жылы дүниеге келген.
2003 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – экономист.
2003-2008 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда, банк саласында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.
10 жыл бойы, 2009 жылдан 2019 жылға дейін квазимемлекеттік секторда жоспарлау бойынша экономист, бухгалтер, тергеуші-аудитор лауазымдарында жұмыс істеді, «АСТАНА – АЭК» АҚ Ішкі аудит бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2020-2022 жылдары бизнес саласында «Qazsugar Co» ЖШС жоба менеджері болып жұмыс істеді.
Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 02 мамырдағы шешімімен атқарушы органның мүшесі – «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
МУХАНОВ МАРЛЕН САВИТОВИЧ
«РҒБО» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары
1982 жылы туған.
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін: құқық және экономика негіздері бойынша бітірген (1999–2003); Almaty Management University: корпоративтік басқару, Алматы, магистр (2012–2014); Executive MBA Graduate School of Business Nazarbayev University, Астана, магистр (2018–2020).
Еңбек өтілін «ТұранӘлем Банкі» АҚ Жезқазған филиалында бастады.
2003 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанның банк саласында маман, жетекші маман, бөлім басшысы, корпоративтік бизнес басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2008 жылдан 2019 жылға дейін – «Capital Holding» ЖШС Бас директоры.
Әр жылдары ол «Jet Airlines» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Нурполис» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бастап «KazInvestPro» ЖШС басқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
«РҒБО» АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 23 қазандағы шешімімен Марлен Савитович Муханов «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Компания туралы
Жаңалықтар
ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН
25.10.2026

ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН:

«Менің «РҒБО» АҚ-дағы сапарым осыдан тура 20 жыл бұрын, 2006 жылдың сәуір айының соңында басталды. Бұған ақпан айында Виктор Дмитриевич Лефтермен естелік кездесу себеп болған еді. Сол кезде маған Байқоңыр ғарыш айлағындағы бұрынғы қызмет орнымдағы істерімді аяқтауға уақыт беріп, кәсіби..

РҒБО командасы үстел теннисі жарыстарында сәтті өнер көрсетті
24.10.2026

2026 жылғы 24 қазанда ADD Table Tennis Astana спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) спартакиадасы аясында үстел теннисінен турнир өтті.

«РҒБО» АҚ «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесін дайындауға қатысты
03.10.2026

АСТАНА - 2026 жылғы 2 қазанда ҚР Президенттік орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына, оның 80 жылдық мерейтойына және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесінің ашылуы өтті.<>/p

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің 3-ші отырысын өткізді
02.10.2026

АҚОРДА - Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.

«РҒБО» АҚ комплаенс-офицері «Көктерек» ҒБО ұжымымен кездесті
29.09.2026

2026 жылғы 29 қыркүйекте «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Боран Дюсенов «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының басшылығы және мамандарымен онлайн форматта кеңес өткізді.