ҒБО «Ақкөл»
Ғарыштық аппараттарды жерүсті басқару кешенінің жарақтандылуы:
- Спутникке басқару командаларын беруге және оның орбитада орналасуын дәл өлшеуге арналған командалық-өлшеу жүйесі.
- ҒА транспондерлерінде орбиталық сынаулар мен өлшеулерді жүргізуге, ҒА транспондерлеріндегі сигналдар мониторингін жүзеге асыруға және спутниктік байланыстың жерүсті станцияларының параметрлерін өлшеуді жүргізуге және оларға спутникпен жұмыс істеуге қолжетімділік рәсімін жүзеге асыруға арналған командалық-өлшеу жүйесі.
Байланыс мониторингі жүйесі 14° Е бастап 130° Е дейінгі орбиталық позицияларда келесі функцияларды жүргізуге мүмкіндік береді:
- Кu жиіліктер диапазонындағы сызықты поляризацияланудағы транспондерлерді орбиталық өлшеулерді жүргізу.
- Кu жиіліктер диапазонындағы әрбір транспондердің нақты жиіліктік-энергетикалық жоспарына үздіксіз автоматтандырылыған мониторинг жүргізу.
- Жердегі спутниктік станцияларға ғарыштық сегментке рұқсаттама берген кезде олардың мәлімделген сипаттамаларына өлшеулер жүргізу.
- Әрбір тасымалдаушының жиіліктік-энергетикалық сипаттамаларына мониторинг және өлшеулер жүргізу.
- Тасымалдаушыларға тұрақты мониторинг жүргізу және олардың цифрлық параметрлерін анықтау
- Транспондерлердегі бөгеуілдік ахуалды бақылау
- Өлшеулердің нәтижелерін сақтау
Ұшуды басқару орталығы
Мониторингті басқару орталығы
Байланыс мониторингі жүйесі құрамында бар:
- Мониторинг станциясы (МС) аумақтығы бойынша Ақмола облысы Ақкөл қ. және Алматы облысы Байсерке а. орналасқан бақылау-өлшем жабдықтарының кешенінен тұратын БМЖ аппараттық-бағдарламалық бөлігі болып табылады.
- Автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) қызметтік белгілері бойынша бөлініп, жиіліктік-энергетикалық ресурсты жоспарлау және басқару бойынша тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеуінің транспондерлерін өлшеу және мониторингін жүргізу үшін, сондай-ақ ЖС транспондерлердегі жұмысқа қолжетімділігін жүзеге асыру үшін олардың параметрлерін өлшеуді жүргізу үшін арналған.
Байланыс мониторингі жүйесі арналған:
- Транспондерлер жиіліктерінің барлық жұмыс диапазонында белдеулік (горизонталды Н және вертикалды V) поляризациямен Ku – диапазонында «KazSat» сериялы ғарыш аппараттарының пайдалы жүктеулерінің транспондерлерінің параметрлерінің орбиталық сынақтары мен өлшеулерін жүргізу үшін.
- Операторлардың байланыс желілерінің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін транспондерлердегі сигналдардың (соның ішінде тасымалдаушы сандық және аналогтік телевидение) мониторингі, сондай-ақ белгіленген жұмыс режимдерін және транспондерлердің техникалық сипаттамаларын қолдау үшін.
- Жер станцияларының (ЖС) параметрлерін өлшеу жүргізу және олардың спутникпен жұмысқа рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін.
- ҒА жұмысының барлық жиілік диапазонының оқпанындағы кедергі жағдайын бақылау.
Компанияның жобалары
Жаңалықтар
ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН:
«Менің «РҒБО» АҚ-дағы сапарым осыдан тура 20 жыл бұрын, 2006 жылдың сәуір айының соңында басталды. Бұған ақпан айында Виктор Дмитриевич Лефтермен естелік кездесу себеп болған еді. Сол кезде маған Байқоңыр ғарыш айлағындағы бұрынғы қызмет орнымдағы істерімді аяқтауға уақыт беріп, кәсіби..
2026 жылғы 24 қазанда ADD Table Tennis Astana спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) спартакиадасы аясында үстел теннисінен турнир өтті.
АСТАНА - 2026 жылғы 2 қазанда ҚР Президенттік орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына, оның 80 жылдық мерейтойына және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесінің ашылуы өтті.<>/p
АҚОРДА - Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.
2026 жылғы 29 қыркүйекте «РҒБО» АҚ комплаенс-офицері Боран Дюсенов «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының басшылығы және мамандарымен онлайн форматта кеңес өткізді.
2026 жыл Қазақстан Республикасының Президентімен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өткізетін Кибер айы аясында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ 2026 жылғы 25 қыркүйекте «Кибергигиена: цифрлық...
7-9 қыркүйек аралығында Астанадағы Nazarbayev University алаңында ғарыш саласы, халықаралық ұйымдар, бизнес, ғылым және технологиялық қоғамдастық өкілдерін біріктіретін SPACE DAYS КAZAKHSTAN 2026 халықаралық форумы өтеді.