Компанияның жобалары/
«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы

ҒБО «Көктерек»

2013 жылы 28 маусымда «Алматы» ҒБО құрылысы аяқталды, мемлекеттік қабылдау және кешенді пайдалануға енгізу жүргізілді.
«Көктерек» ҒБО – бұл жұмыс істеп тұрған «Ақкөл» ҒБО аналогы ретінде құрылған қазіргі заманғы технологиялық орталық.
«KazSat-3» жобасы бойынша орталықты жаңғырту және қайта құру 2013 жылғы қазанда жүргізілді.
«Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы:
  • «KazSat» сериялы ҒА резервтік басқару, бақылау, берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларды ұстап тұру
  • «KazSat» сериялы ҒА пайдалы жүктемесінің мониторингі
  • телепорт –Pre-hubbing, Colocation, Last-mile қызметтерін көрсетуге тағайындалған.
«РҒБО» АҚ ұсынылатын телекоммуникациялық қызметтер түрлерінің спектрін үнемі дамыта және кеңейте отырып, «Көктерек» ҒБО базасында спутниктік және жерүсті байланыс желілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін алғашқы қазақстандық Телепорт құрды.
«Көктерек» ҒБО-ның іске асырылған әлеуеті оны нысаналы мақсаты бойынша ғана емес, сонымен қатар оның инфрақұрылымын өздерінің спутниктік желілерінің үздіксіз және тиімді жұмысына, сондай-ақ перспективалық жобаларды дамытуға мүдделі спутниктік байланыс компанияларына ұсынуға мүмкіндік береді.
«Көктерек» ҒБО-ның технологиялық қазіргі заманғы алаңын көп мақсатты пайдалану Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық саласын табысты дамытудың тағы бір кезеңі болып табылады.
Компанияның жобалары
Жаңалықтар
ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН
25.10.2026

ҚАЙРАТ ТЕЛГАРИН:

«Менің «РҒБО» АҚ-дағы сапарым осыдан тура 20 жыл бұрын, 2006 жылдың сәуір айының соңында басталды. Бұған ақпан айында Виктор Дмитриевич Лефтермен естелік кездесу себеп болған еді. Сол кезде маған Байқоңыр ғарыш айлағындағы бұрынғы қызмет орнымдағы істерімді аяқтауға уақыт беріп, кәсіби..

РҒБО командасы үстел теннисі жарыстарында сәтті өнер көрсетті
24.10.2026

2026 жылғы 24 қазанда ADD Table Tennis Astana спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) спартакиадасы аясында үстел теннисінен турнир өтті.

«РҒБО» АҚ «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесін дайындауға қатысты
03.10.2026

АСТАНА - 2026 жылғы 2 қазанда ҚР Президенттік орталығында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толуына, оның 80 жылдық мерейтойына және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған «Қазақстанның жұлдызды жолы» көрмесінің ашылуы өтті.<>/p