Пресс-центр/
Жаңалық

Ақкөлдік мектеп оқушылары Ғарыштық байланыс орталығында болды

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа Сарбалина
Күн: 28.05.2025

В «РҒБО» АҚ балаларды қорғау күніне орай «Цифрлық әлем» кең ауқымды акциясы аясында «РҒБО» АҚ балаларды өзінің негізгі ғарыштық байланыс нысаны – Ақкөл ғарыштық байланыс орталығына шақырды.

Ақкөл қ. № 3 Ж. Бектұров атындағы мектеп оқушылары – математика, физика, робототехника бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары Kazsat сериялы ғарыш аппаратының басқару орталығының жұмысымен танысты.

Орталық мамандары мектеп оқушыларына ғарыштық байланыстың ақпараттық тәуелсіздік пен еліміздің ұлттық цифрлық экожүйесіне қосатын үлесі туралы айтып берді.

Конференц-залда өткен кездесуде экскурсияға қатысушыларды бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«РҒБО» АҚ Ғарыштық жүйелер департаментінің директоры Виктор Лефтер балаларға Қазақстандағы тұңғыш ғарыштық байланыс кәсіпорнының құрылу тарихы мен маңызы, цифрлық сауаттылықтың қажеттілігі туралы айтып, келе жатқан Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Экскурсия соңында мектеп басшылығы мен оқушылары Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесі туралы көбірек білуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. «Біз бүкіл елімізді байланыс қызметімен қамтамасыз ететін Ақкөл орталығының біздің қалада орналасқанын мақтан тұтамыз, посткеңестік кеңістікте мұндай технологиялық орталық жоқ», - деп атап өтті балалар.