Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ бұрынғы басшысы В.Д. Лефтер мерейтойын атап өтуде

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Лида Тастенова
Күн: 18.08.2023

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – 2023 жылдың 18 тамызында «РҒБО» АҚ экс-президенті, кәсіпорынның Ғылыми-техникалық кеңесінің жетекшісі В.Лефтер өзінің 70 жылдық туған күнін атап өтуде.

Виктор Дмитриевич 2004 жылдың желтоқсанында құрылған күннен бастап 15 жылға жуық РҒБО-ны басқарды. Кәсіпорын құрған Қазақстандағы алғашқы «Kazsat» байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесі табысты жұмыс істеуде.

Әр түрлі елдердің әріптестері, мамандары В.Д. Лефтерді еліміздің ғарыштық байланысының негізін қалаушы деп атайды.

Атаулы мерейтой күні В.Д. Лефтер «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында РҒБО неден басталғанын, «Kazsat» ҒБЖ-нің ел экономикасына қосқан үлесі, ҚР ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Сұхбатқа сілтеме