Пресс-центр/
Жаңалық

«РҒБО» АҚ комплаенс қызметі 2023 жылға қойылған міндеттер туралы айтты

Автор - Нургалиева Сара Кабиевна
Аудармашы - Алуа А. Сарбалина
Күн: 17.05.2023

АСТАНА. ЖЕКЕ АҚПАРАТ. 2023 жылғы 15-16 мамырда «РҒБО» АҚ комплаенс офицері Боран Дүйсенов орталық аппараттың және «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының (ҒБО) қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік этика кодексін және корпоративтік басқаруды қалыптастыруды түсіндіру бойынша кезекті кездесулер өткізді.

2023 жылғы алғашқы кездесуде Боран Төлегенұлы 2022 жылы ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс қызметінің алдағы іс-шараларына тоқталды. Өткен жылы «Ақкөл» және «Көктерек» ҒБО еңбек ұжымының мүшелерімен және орталық аппарат қызметкерлерімен осындай жеті кездесу өткізілді.



Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс қызметінің 2022 жылға арналған жылдық есебі мен 2023 жылға арналған жоспарлары 2023 жылғы наурызда «РҒБО» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген. Өткен кезеңде комплаенс қызметкерімен 4-тен астам ішкі нормативтік құжат әзірленді, олар Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіліп, «РҒБО» АҚ ішкі веб-сайтында орналастырылды.

Қоғамның Басқарма төрағасына құрылымдық бөлімшелерге шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, іскерлік этиканы, адалдықты және ерікті бәсекелестік қағидаттарын міндетті түрде сақтау бойынша ұсынымдар жіберілді.



2022 жылдың қорытындылары туралы толығырақ РҒБО сайтында жарияланған https://www.rcsc.kz/PressCentre/Details/2c03e918-a105-4a2a-ba51-0a9d755756a8 материалынан білуге болады.

РҒБО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, оның ішінде ашық дереккөздерде сыбайлас жемқорлық сипатындағы ақпараттың болуын қадағалайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар/қылмыстарды жасауын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын тексереді, деп атап өтті Б. Дүйсенов.

Сондай-ақ, қызметкерлермен кездесуде комплаенс қызметкері «РҒБО» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта белгіленген талаптарды, қаржылық бақылау шаралары «2023 жылы тұрғылықты жері бойынша салық органдарына Декларацияны ағымдағы жылдың 15 шілдесіне және 15 қыркүйегіне дейін «РҒБО» АҚ қызметкерлерінің міндетті түрде және уақтылы тапсыруы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Комплаенс офицердің бастамасымен 2023 жылғы 17 мамырда «РҒБО» АҚ орталық аппаратында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Әнуар Әйтімовпен кездесу өтті. Сұхбатқа Жангелдин кеңсесі, «Ақкөл» және «Көтерек» ҒБО онлайн қосылды.

Қонақ Қазақстандағы жалпыға бірдей декларацияның ерекшеліктері, оның төрт кезеңі туралы егжей-тегжейлі айтып берді және РҒБО қызметкерлерінің көптеген сұрақтарына жауап берді. Әнуар Әйтімов РҒБО қызметкерлеріне декларацияларды қалай дұрыс толтыру керектігін көрсететін бейнеролик пен басқа да материалдарды табыс етті.