«Ақкөл» ҒБО-да «Қорғау» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

2025 жылғы 16 шілдеде Ақмола гарнизоны полициясының біріктірілген жасақтары «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығының жеке құрамымен бірлесіп «Шабуыл» бағытында «Қорғау» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығу барысында нысанға Ақкөл аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, жергілікті полиция қызметінің, өртке қарсы қызметтің жасақтары, Ақкөл орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі келіп жетті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – «Ақкөл» ҒБО жататын маңызды стратегиялық нысанда лаңкестік қауіп-қатерге ден қою дайындығын тексеру.
Іс-шараның жоспары бойынша қылмыскер «Kazsat» ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің жұмысын бұзу мақсатында лаңкестік жағынан осал нысанға енуге әрекеттенеді.
Оқу-жаттығу шарасы барысында «Ақкөл» ҒБО күзетілетін нысанына кіруге әрекеттенген бұзушы ұсталып, мекеме қызметкерлері жедел эвакуацияланып, нысандағы техникалық ескерту құралдары тексерілді.
Құқық қорғау органдары мен «Ақкөл» ҒБО қызметкерлерінің сәтті іс-әрекетінің арқасында оқу-жаттығу сәтті өтіп, ол туралы акт толтырылды.
